- Негізгі бет
- Жаднама
- Ұйықтар алдында кітап...
Ұйықтар алдында кітап оқыған дұрыс па?
Фото:
hdoboi.org
Ұйқы дегеніміз – ағзаның демалуы. Ұйықтау кезінде адамның денесімен қатар миы, жүйке жүйесі мен көзі де тынығады. Ал сіз жылдам ұйықтау үшін не істейсіз?
Кей адамдар ұйықтар алдында кітап оқығанды ұнатады. Оқып отырып ұйықтап кетсе, өзін таңертең сергек сезінеді. Ал енді біреулер ұйықтар алдында кітап оқуды ми мен жүйкеге артық күш санайды. Ал шын мәнінде ұйықтар алдында кітап оқыған дұрыс па?
Ұйықтар алдында жеңіл әрі қызықты кітаптарды оқуға болады. Себебі күнделікті жұмыстан шаршаған миың бірқалыпқа түсіп, басыңдағы шашыраңқы ойлар реттеледі. Ұйқыға жатқанда түрлі ойлар мазаламайтын болады. Сондықтан да кітап оқығанның пайдасы болмаса, зияны жоқ екен.
О. Сансызбай