- Негізгі бет
- Жаднама
- Ұйықтар алдында ескерер...
Ұйықтар алдында ескерер 10 кеңес
Көп адамдар тез көз іліп, артынша оянып кетеді. Ал тағы біреулер керісінше ұйықтауы қиын болады. Нәтижесінде ешқандай ұйықтай алмай, ертесі мең-зең болып жүреді. Жақсы ұйықтап тынығу үшін төмендегі 10 кеңестің пайдасы мол.
1. Ұйқыңыз келмесе төсекке жатпаңыз.
2. Егер, жиырма минут ішінде ұйықтай алмасаңыз, ұйқысыздықпен күресуге тырыспаңыз. Орныңыздан тұрып жалықтыратын кітап оқыңыз, әуезді музыка тыңдаңыз. Ұйқыңыз келгенше осыларды орындаңыз. Егер сіз түн ортасында ұйықтай алмасаңыз, сіз жай ғана жатып, радио тыңдауыңызға болады.
3. Күнде бір уақытта тұрып, бір уақытта ұйықтаңыз. Демалыс күндері де бұл ережені бұзбаған дұрыс.
4. Ұйқы үшін қолайлы жағдай жасаңыз. Біріншіден, әрқашан бөлмені желдетіп, қалыпты температураны қамтамасыз етіңіз. Ұйықтар алдында төсек орыныңыздың өзіңізге жайлы екеніне көз жеткізіңіз.
5. Кешке қарай серуендеңіз.
6. Ұйықтардан 2 сағат алдын ой жұмысын тоқтатыңыз. Теледидар көріп, муызка тыңдап ойыңызды басқа жаққа бөліңіз.
7. Ұйықтар алдында 1 стақан сүт немесе бал қосылған су ішіңіз.
8. Өзіңді жайлы жерде жатқандай сезініп, денеңізді босаңсытыңыз.
9. Жатар алдында әр-түрлі шөптердің қоспасы бар ванна қабылдап алған да дұрыс.
10. Тыныштандыратын шай ішіп, тынығыңыз.
Ұйқыңыз тыныш болсын!
Дереккөз: anabol.kz
О. Сансызбай