Ал Массагеттің кеңестерінен көз жазып қалмаңыз...
|
Ыдысқа жабысып қалған этикеткаларды фенмен аз уақыт ұстап тұрып оңай кетіруге болады. | ![]() | |
|
Ағартқыш заттардың орнына лимон сығындысын қоссаңыз, киіміңіз лезде ағарып шыға келмек. | ![]() | |
|
Ыдыстан иіс кетіру үшін жылы суға бұрыш қышасын салып жуу керек. | ![]() | |
|
Шұңғыма ыдыстың қол жетпейтін жерлерін жуу үшін оның ішіне бір қасық күріш және сабын су құйып, шайқау керек. | ![]() | |
|
Ыдыс жуу аппаратына бокал салуға қорқасыз ба? Шешімі бар. Резеңкемен қыстырып қойсаңыз, шыны ыдысыңыз сынбайды. | ![]() | |
|
Үй жиһазынан жүнді кетіру үшін резеңке қолғапты дымқылдатып үстімен жүргізіп шығу керек. Жүн қолғабыңызға өзі-ақ жабысады. | ![]() | |
|
Жапырақтарды тұзды сумен жуған дұрыс. | ![]() | |
|
Ескірген орындық ағашын аяқ киім тазалайтын крем арқылы жаңартуға болады. | ![]() | |
|
Ескі тіс тазалағыштармен кафель жиектерін тазартуға болады. | ![]() | |
|
Линолеумның бетін жалтырату үшін тіс пастасын қосып сүртесіз... | ![]() | |
|
Кофе ыдысының сүзгісін тастамай, теледидар немесе монитор экранын сүрту керек. | ![]() | |
|
Лимонды кір тұрып қалған тақтайдың бетіне 20 минутқа қойып, кейін сүртсеңіз, тазара түспек. | ![]() | |
|
Айнаның бетіндегі жапсырма қағазды кетіргіңіз келсе, оған майонез жағып, кейіннен жалпақ темірмен сылып алыңыз. | ![]() | |
|
Мыстан жасалған заттарды тазарту үшін тұз бен ұн керек. Алғашқы кезде сулап сүртсеңіз, екіншісінде құрғақтай сүртіп алыңыз. | ![]() |
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: mixstuff.ru
А. Құлтай


















