Шетел үйлену тойын ұйымдастыратын агенттіктер үйлену тойына дайындық және салтанатты шара жайлы статистика жүргізген екен. Нәтижесі де қызықты болып шығыпты. Оқып көріңіздер.
1. Қалыңдықтардың 87%-ы 64% еркектер қашатын барлық дәстүрге сай салтанатты үйлену тойын қалайды.
2. Қалыңдықтардың 90%-ы үйлену тойына ақ көйлек киеді.
3. Қалыңдықтардың 80%-ы арманындағы үйлену тойын жасай алмаған екен.
4. Жас жұбайлардың 73%-ы тойдан кейінгі неке түнін өткізуге мұршалары болмапты.
5. Қалыңдықтардың 14%-ы үйлену тойының алдында құрбыларымен ұрсысып қалады.
6. Жас жұбайлардың 17%-ы салтанатты шарада ұрсысып қалады.
7. Жас жұбайлардың 27%-ы тойға дайындық кезінде ұрсысып қалады.
8. Қалыңдықтардың 40%-ы жүкті болып тұрмысқа шығады.
9. Тойлардың 39%-ында шақырылған қонақтар қалыптан тыс көп ішімдік ішеді.
10. 84% қалыңдық той көйлегін сатып алуды жөн көреді.
11. Қалыңдықтардың 3%-ы ғана бірінші кірген салоннан көйлек сатып алады.
12. Қалыңдықтардың 80%-ы кем дегенде 10 салонға кіріп-шығады.
13. Қалыңдықтардың 65%-ы көйлекті анасымен таңдайды, 25%-ы – қыз жолдаспен, 8%-ы – болашақ күйеуімен, 2%-ы ғана жалғыз.
14. 4% үйлену тойы жүргізушісіз өтеді.
15. Тойлардың 84%-ында фотограф, 49%-ында – видеооператор жұмыс істейді.
Сурет: vk.com
Дайындаған: Анар Мұстафина