Ұйқыдағы ару

Италияның Палермо қаласында адам денесін сақтайтын катакомбада Розалия есімді 12 жасар қыз жатыр. 1920 жылы бұл қыз қайтыс болған екен.

Розалияның әкесіне қызының өлімі ауыр тигені соншалық Альфредо Салафи атты дәрігерді шақырып қызының денесі бұзылып кетпес үшін кремдеп тастауды өтініпті. Дәрігердің шеберлігі соншалық, арада қанша уақыт өтсе де, қыздың шашы түгілі терісі, ішкі органдарына дейін де бір өзгеріске ұшырамаған.

Алайда ғалымдар бұл қыздың денесіне бет бұрып, зерттеуіне оның өлі денесі бұзылмауы емес, әкесі мен катакомба күзетшілері қыздың бейне бір тірі адамдай арасында көзін ашатыны немесе араға көп уақыт салып дем алатыны жайлы айтқаны себеп болған екен.

Арнайы компьютер арқылы бақылауға кіріскен ғалымдар 12 секундқа созылған қыздың миынан электроимпульс байқайды. Әдетте электроимпульс тек қана тірі адамдардың миынан шығатын құбылыс. 

Сөйтіп ғалымдар зерттей келе қыз әлі күнге толық шешімін тауып үлгермеген қалың ұйқы ауруымен ауырған екен. Дәлірек айтқанда, қыз біраз жылдар өлмеген, қалың ұйқыда жатқан. Сондықтан да, арасында тірі адамның тіршілігін көрсетіп отырған екен. Осылайша қыз өте көп уақыт өліммен арпалысқан. Алайда қазір Розалия толық өлген және оның денесін сақтау мақсатында арнайы азот толтырылған ыдысқа ауыстырылыпты. Ғылымда бұл ауруды "Клейн-Левин" синдромы немесе "ұйқыдағы ару" деп атайды.