- Негізгі бет
- Жаднама
- Үйде алаңдамай жұмыс...
Үйде алаңдамай жұмыс істеу үшін...
Уақыт – өміріміздегі ең басты құндылық. Көп адам өзіне шектеулі уақыт жоспарын құрғанмен, ойдағыдай болмай шығады. Дәлірек айтсақ, уақытын басқара алмай қалады. «Адам көп міндеттемелерді, жобаларды, мақсаттарды ойлаған кезде, шын мәнісінде, ұсақ-түйектен бастап үлкен мәселелердің барлығы оның қос иығына жүк болып түседі. Уақытты қалай басқаруға болады? Кеңесші, уақытты басқару саласындағы кітаптардың авторы Элизабет Грейс Сондерстің тайм-менеджмент туралы кеңесін ұсынамыз.
Жұмысқа барып келу, қайта қайту жоқ. Тосыннан болатын жиналыстар да жоқ. Түрлі сырттағы шараларға киім таңдап уақытыңызды кетіріп, басыңызды да қатырмайсыз. Жеке өміріміз араласпаса, алыстан жұмыс жасау қол жетпес арман болып қала беруі мүмкін. Жеке өмірімізді кеңседе отырып ескерусіз қалдыруға болар, ал үйде жеке өмірің мен жұмыс уақытыңның арасын ажырата аламайсыз.
Бір досыңыз маңызды жобамен жұмыс жасап отырғанда қоңырау шалды. Сіз үшін жұмысты аяқтау керек. Бірақ, сөйлесуден бас тарту да адамгершілік емес, егер сіз жұмысқа қарамай сөйлесе алсаңыз... Мұны өзіңіздің күндік жоспарыңызда жеке шаруаларыңызды қай жеріне қыстырып едіңіз? Кір жуғыш машинаға кіріңізді салуға көп уақыт кетпейтін секілді. Шындығына келгенде сол жұмыстардың барлығын жасауға кешке ғана уақыт табамыз. Былай қарасаң түсініксіз: қай уақытта боссың, қай уақытта жұмыс жасайсың...
12 жыл бойы үйде отырып, жұмыс жасайтын адам ретінде және қашықтықтан жұмыс жасайтын басқа адамдардың уақытын үнемдеуге кеңес беруші ретінде неше түрлі жақсы-жайсаңды, жаманшылықтарды, сұмдық дүниелерді көрдім, кездестірдім. Менің түйгенім ең ұйымшыл, өнімді жұмыс істейтін адамдар өзденіне өздері шектеу қояды. Яғни, жоспармен, қағидамен өзін қолға алғандар. Бұл олардың жұмыстарын табысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сіздің үйде жұмыс жасайтындығыңызға не үйде жұмыс жасамайтындығыңызға қарамай қашықтықтан жұмыс жасауды өнімді әрі тиімді етудің бірнеше кеңестерін ұсынамын.
Қатаң жұмыс уақытын орнатыңыз. Бұл ақымақтық болып көрінуі мүмкін. Ол қалыпты жағдай. Ақымақтық болып көрінсе, бұл кеңестер сізге өте қажет. Егер бар назарыңызды бір жерге, бір бағытқа шоғырландырып жұмыс істегіңіз келсе, елестетіңіз, солай болғанда қалай болар еді. Мен уақытты тиімді пайдалану (тайм-менеджмент) саласында тәлімгер болмаған кездерімде менің барлық жұмыс кестемде хаос болды. Жұмыс басталғанан компьютердің алдында отырып жұмыс жасауға уақытым болмады. Себебі, жиі-жиі кездесулер ұйымдастыратынбыз немесе күндіз жеке өз басымыздың шаруаларымен айналысатынбыз. Мысалы, үйдің ұсақ жұмыстары, біреуді күтіп алу, шығарып салу, т.б. Жеке өміріме нақты қойылған уақыт болмағандықтан жұмысымда да жарыған нәтиже жоқ. Ал, үйде отырған кезде поштамды тексермесем, барлық жұмыс жайына қалғандай өзімді кінәлі сезіндім. Шын мәнінде менің өзіме-өзім демалыс жариялауға ешқандай құқығым жоқ еді.
Үйден жұмыс жасау үшін мен «жұмыс уақытын» орнатқанан кейін (менің жұмысым бойынша, жұмыс күні 9-дан 18-ге дейін барлық жұмыс күндеріне дерлік) барлығы өз орнына келді. Дәл осы уақыт аралығында нені жасау және жасамау керектігін нақты анықтап берді. Мен өзімнен: «Егер мен кеңседе болсам осы міндетті орындай алар ма едім? Бұл жұмыспен айналысар ма едім?» деген екі сұраққа жауап бердім. Егер жауап мен қалағандай болмаса, мен бұл жұмысты белгіленген уақытқа дейін немесе кейін орындау керектігін анық білдім. Үй жұмыстарын, басқа да істерді және жора-жолдастармен кездесуді нақты жұмыс уақытынан тыс кездерге көшіруге тура келді. Әрине, түскі ас уақытындағы үзілісте достарымның қоңырауына жауап бере алдым. Егер менде машинаны жөндету секілді тығыз жұмыстар шығып қалған жағдайда түскі уақытқа белгіледім. Бұрынғыдай елді шулатып кешке қалдырмадым. Әрине, бұл жоспардан тыс болғандықтан нақты қағидадан тыс әрекеттер. Шекараларды белгілеу арқылы мен тек жұмыс уақытын бөліп қана қойған жоқпын,жұмыс істемейтін уақытта жеке шаруаларыма алаңдамай, назарымды шоғырландыра алатын болдым.
Сәтті жұмыс күнін жоспарлаңыз. Уақытты қалыпты жұмыс күні секілді емес, барынша өнімді етіп белгілеңіз. Мысалы, үйде аптасына бір рет жұмыс жасаңыз немесе жағдайға қарай, қажет болса сол уақытта кездесулерден бас тартыңыз. Егер бас тартуға мүлде келмесе, тым болмағанда жалтақтамай жарты күніңізді жұмысқа арнаңыз. Бұл қашықтықтағы жұмыс күніне ең қолайлы уақытты, күнді таңдаңыз. Жоспарланған кездесулеріңізді ескере отырып, өз ерік-жігеріңізге сеніңіз.
Содан кейін маңызына қарай (приоритет) осы кезде орындағыңыз келген бір немесе екі тапсырманы, яғни жұмысты анықтаңыз. Бұл кеңседе отырып жасауға келмейтін, тыныш жерде отырып бірнеше сағат, тіпті одан да көп уақытты, стратегиялық ойлауды, шығармашылықты, толғанысты қажет ететін жұмыстар болуы мүмкін. Сондай-ақ, электронды поштаңызға да уақыт табу, бірақ тым болмағанда сағатына бір-ақ рет қарау. Бұл біздің тарапымыздан мысал ғана. Мұны жасауға 100% назарыңызды арнауға болады. Мәселе кейінге қалдыруға болмайтын табан астынан шыққан жұмыстарды да бақылап отыру. Дұрысы, әріптестеріңізге неге жауапсыз кеткендігіңізге түсіністікпен қарау үшін өзіңіздің байланыс құралдарыңызды белгіленген уақытқа дейін өшіретіндігіңізді ескертіңіз.
Өз айналаңыздағы адамдар үшін, ортаңыз үшін де белгілі шектеу қағидаларын қойыңыз. Үйде жұмыс істейтін маңызды уақытта сіздің күш-жігеріңіз бекер кетпес үшін достарыңызға, туыстарыңызға, таныстарыңызға ол күннің маңыздылығын нақты түсіндіріңіз. Ол күн бос емес әрі белгіленген жоспардан тыс жұмыстарға арналмаған. Мысалы, егер сіз үйде әйеліңізбен немесе күйеуіңізбен бірге тұрсаңыз былай деңіз: «Бүгін мен компьютерде 8:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеймін. Түстен кейін сөйлесуге болады, ал қалған уақыттарда қолым босамайды». Егер сіз уәде беріп, оны жасасаңыз (мысалы, сіз шынымен 17:00-де жұмысты тоқтатсаңыз), адамдар әдетте сіз орнатқан қағида, шекараны түсінеді және әрқашан сіздің қолжетімді емес екеніңізді түсінеді. Сізбен сол пікіріңіз үшін санасатын болады. (Сондай-ақ сіз өз үйіңізден есікті жауып, үйдің күнделікті әрекеттерінен тыс жатын бөлме болсын, жеке бөлме болсын өзіңіз үшін де, ортаңыз бен отбасыңыз үшін де үйреншікті орын таба аласыз. Дәстүрге айналдырып, инстингтивті қағида орнатасыз).
Күтпеген қонақтарға барғанда дипломатиялық қатынаста болыңыз. Көршіңіз жолықты ма? Олармен үстеліңіздің алдында сөйлесетін әріптестеріңіз секілді бірнеше минут қана арнаңыз. Тырысыңыз. Шай ішуге немесе үйге кіріп не бір уақыт алатын үлкен тақырыпты бастамаңыз. Оның орнына кездесуді тездетіп төмендегідей тіркеспен аяқтаңыз: «Өзіңізбен жолыққаныма өте қуаныштымын, тығыз жұмысым бар еді...» деңіз де, ол кісімен кездесуді жұмыстан тыс уақытқа не демалыс уақытына белгілеңіз. Егер тіпті сіздің жалға алып отырған үйіңіздің, не кеңсеңіздің иесі келіп жөндеу жұмыстарын жасаймын десе оған емес, өзіңізге ыңғайлы уақытқа көндіріңіз.
Егер сіз әлі де жұмысқа қатысы жоқ істі орындауды қажет деп тапсаңыз, оған көңіл бөлуге болатын уақытты көрсету үшін «кеңсе кестесін» қараңыз. Мысалы, туыстарыңыз үй шаруашылығындағы істерге көмектесуді сұраса, түскі ас уақытында не істеп үлгеретіндігіңізді ойлап көріңіз. Дәл осы уақытта ғана көмектесуге келісіңіз. Былай деңіз: «Мен заттарды химиялық тазалаудан (химчисткадан) алып және түскі ас уақытында сүт сатып аламын. Бірақ барлық азық-түлікті тек жұмыстан кейін сатып алуға уақыт таба аламын». Өтініштер мен тапсырмаларды бөліктерге бөліп-бөліп орындауға болады. Былай деуіңізге болады: «Бүгін маған автокөлікті жөндеуге жіберуге болады, бірақ медициналық сақтандыру туралы тек ертең ғана біле аламын».
Жоспарға салынған шектеулі уақыттар туралы кешірім сұрағандай салбырап айтудың, жалпы сөйлеудің керегі жоқ. Фактілерге негізделген жоспарыңыз бен мән-жайды көрсетіңіз. Жұмысқа арналған, кеңседегіден де артық саналатын уақытыңызды бағалаңыз. Егер сіз тұрақты және өзіңіздің уәдеңізге бағынатын болсаңыз ортаңыз сіздің жаңа талабыңызды қабылдайтын болады. Өзіңіздің негізге алған жұмысыңызға уақытыңыз молая түседі.
Қазақшаға аударған: Салтанат Минайхан
Ж. Жұмағұлов