Әйел адам үйді жинап-тазалауына өмірінің 1,5 жылын жұмсайтыны белгілі болды. Ұлыбриятаниялық зерттеушілер әйелдердің орташа есеппен алғанда 12896 сағатты үйін жинауға жұмсайтынын дәлелдепті.
Ал ер адамдар өмірінің 6448 сағатын ғана тазалық жұмыстарына жұмсайды екен. Санап көрсек, әйел адам аптасына 4 сағат бойы кір-қоң жуып, сыпырады. Ал ерлердің 16 пайызы үй жинау тірлігімен тіптен айналыспайтынын мойындапты. Зерттеу кезінде жасалған сауалнамадан 32 пайыз адам ғана үйдің бүге-шегесіне дейін таза болуын ойлатыны белгілі болған. Ал 17 пайызы тазалық жұмыстарын жеккөретіндерін айтқан.
Сонымен, Ұлыбританиядағы Ньюкасл және Манчестер қалаларының үйлері «ең лас» деп танылыпты. Жауап бергендердің 18 пайызы күн сайын дәретхана мен асхананы (66 пайызы) жуып-тазалайтынын айтқан.
75 пайыз қауым асхананы аптата бір рет қана тазалайтынын айтса, сол 75 пайыз адам еден жуу мен кілем тазалауға мән бермейтінін мойындаған.
Жалпы адамдар микробтар мен басқа да зиянкестердің ең көп жиналатын жерді (есік тұтқасы, телефон аппараттары, дистанционды басқару құралыдары) тазаламайтын болып шыққан.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: blogg.se