Үтікті қалай тазалауға болады?

Асты күйген үтік киімді былғап, жағымсыз иіс те шығарады. Сондықтан оны уақытылы тазалап тұру керек. Ендеше, үтікті қалай тазалауға болады? 

Үлкенірек қағаз майлыққа ірі тұздан себіңіз. Егер болса, теңіз тұзын қолданған дұрыс.

Үтіктің ең жоғары ыстық күйін қосып, бу шығаратынын мүлде өшіріңіз.

 

Енді тұз себілген қағаз майлықты үтікке күш салмай, яғни қатты баспай, үтіктеңіз. Тұз үтіктің табанын жылтыратып тазалайды.

Дереккөз: anabol.kz