Барлық адам жол жүреді, саяхаттайды, қыдырады. Әдетте жолға шыққанда ең бірінші төлқұжатымызды, одан соң керек заттар салынған жүгімізді аламыз. Кей сәттерде ұшаққа кешігіп қалып жатамыз. Ауыр жүгімізді ары-бері тасып жүру оңайға соқпайды. Modobag чемодан-скутері бұл қиындықтан құтқарады.
Бұл машина дөңгелектермен, рөлмен және басқышпен жабдықталған. Жылдамдығы 13 км/сағ дейін жетеді және 118 килограмға дейінгі салмақты көтере алады. Modobag чемоданын жүксалғышқа салмай-ақ, өзіңізбен бірге бортқа алуыңызға болады. Алайда оған рұқсат бермейді.
Чемоданды ойлап тапқан Кевин О Доннелге әуежайда отырған кезде осы идея келген. Тағы бір артықшылығы – USB арқылы ұялы телефоныңызды немесе планшетіңізді қуаттай аласыз. Ал, бағасы – 995 АҚШ долларына тең.
Мұндай чемоданды сатып алар ма едіңіз?