- Негізгі бет
- Жаднама
- Уролог ерлерге зиянын...
Уролог ерлерге зиянын тигізіп, тестостеронды төмендететін 5 тағамды атады
Уролог Руслан Корнилов ер адамдар бірінші кезекте бас тартуы керек бес өнімнің тізімін жасады. Бұл тағамдар фитоэстрогендерге, ер гормондарын нашарлататын және либидоды төмендететін өсімдік қосылыстарына бай.
1. Сыра
Сыра – «әйелдер сусыны» деп те аталады. Сыраның құрамында құлмақ (хмель) сияқты фитоэстрогендер бар. Ол кеуде бұлшықетінің салбырауын тудырады.
Уролог-хирург, онкоуролог Марк Гадзиян телеграм-каналында ер адамдарды сыраны ішпеуге шақырған болатын. Дәрігердің айтуынша, мастық сусынның құрамындағы фитоэстрогендер негізгі еркек гормоны тестостеронның қалыпты өндірілуіне кедергі келтіреді. Нәтижесінде ер адаммның дене құрылысы өзгеріп қана қоймайды, жыныстық құштарлық пен күшті әлсіретеді. Марк Гадзиян атап өткендей, сыраға тәуелділік ер бедеулігінің негізгі себептерінің бірі.
2. Соя
Уролог сонымен қатар ер адамдарға соя мен одан жасалған өнімдерді – соустарды, соя сүтін пайдалануды ұсынбайды. Сондай-ақ сояда ерлердің гормоналды деңгейін нашарлататын және эректильді дисфункцияға ықпал ететін өсімдік эстрогендері бар.
3. Бекон
Руслан Корниловтың айтуынша, шошқа майы еркектерде гормоналды фонды тікелей нашарлатады. Сонымен қатар, майдың құрамында көп калория бар екенін есте ұстауымыз керек.
Сонымен қатар, шошқа майын сіңіру қиын. Оны өңдеу үшін дене мидың толық жұмыс істеуі үшін қажет глюкозаны жұмсайды. Егер шошқа майы мен бірге алкоголь ішсе бұл бауырға тікелей зияныын тигізеді.
4. Жалбыз
Бұл ащы өсімдік, құлмақ пен соя сияқты, гормонға ұқсас заттарға – фитоэстрогендерге бай. Сондықтан жалбызды дәстүрлі түрде «әйел шөбі» деп атайды. Егер ер адам жалбызды үнемі тұтынатын болса немесе оны шайға қосса, ол тестостерон өндірісін төмендетеді және жыныстық қатынасқа деген құштарлығы төмендейді.
Жалбыздың мұндай жағымсыз қасиеті туралы бұрын дәрігер-сексолог, психотерапевт Евгений Кульгавчук айтқан болатын. Маман түсіндіргендей, жалбыз жүйке жүйесін ғана емес, сонымен қатар жыныстық компонентті де тыныштандырады, өйткені ол тестостерон өндірісін азайтады. Сондықтан ер адамдар жалбыз жеп және оны сусындарға қоспауы керек.
5. Қытырлақ картоп (картоп чипсы)
Урологтың айтуынша, ер адамдарда 45 жастан кейін тоқ ішектің қатерлі ісігіне шалдығу және полиптердің пайда болу қаупі артады. Сондықтан осы жасқа жеткен ер адамдарға бұл өнімді тыйым салынған тізімге енгізу ұсынылады.
Т. Раушанұлы