- Негізгі бет
- Жаднама
- Ұмытшақтық ауруын білдіреді....
Ұмытшақтық ауруын білдіреді. Дәрігер деменциясының ерте басталатын 3 белгісін атады
Егер сіз оларды еске түсіре алмасаңыз, онда бұл когнитивті функцияларыңыздың айтарлықтай бұзылғанын және ауру қазірдің өзінде дамып келе жатқанының белгісі, дейді дәрігер.
Деменция немесе ұмытшақтық ауруы – бұл тек қарттарды ғана емес, кейде орта жастағы адамдарда да кездесетін ауру. Оны емдеу мүмкін емес, бірақ жағдайды сақтауға, аурудың дамуын бәсеңдетуге және өмір сапасын жақсартуға әбден болады. Алғашқы белгілердің бірі, көпшілігі есте сақтау қабілетінің жоғалуын қарастырады. Бұл шындық, бірақ бірнәрсені ұмытқан адамды деменцияға шалдығыпты деп айту қате. Тіпті дені сау адамдар есімдерді, терминдерді және тіпті қарапайым сөздерді ұмыта алады.
Отбасылық дәрігер Томми Митчелл мидың ауырып, адамның деменцияға шалдығуының айқын белгілерін айтып берді.
Деменция белгілері
"Біз қартайған сайын бір нәрсені ұмыта бастаймыз – бұл қалыпты жағдай. Үйдің кілтін жоғалтып аламыз немесе досымыздың туған күнін ұмытып кетеміз. Бірақ деменциясы бар адамдарда есте сақтау қабілетінің жоғалуы әлдеқайда ауыр. Сонымен қатар, сөйлеу, ойлау және пайымдау проблемалары болуы мүмкін. Мысалы, деменциямен ауыратын адамдар күнделікті тапсырмаларды орындауда қиындықтарға тап болуы немесе тіпті кім екенін ұмытуы мүмкін", - дейді Томи Митчелл.
Деменциясы бар адамдар жиі ұмытатын үш нәрсе:
• кейінгі оқиғалар;
• жақсы білетін адамдардың есімдері;
• олар үнемі баратын таныс жерлер.
"Деменциямен ауыратын көптеген адамдар жаңа ақпаратты қабылдауда және ұғымдарды түсінуде қиындықтарға тап болады. Ауру дамып келе жатқанда, олар тұйықталып, ақырында сөйлеу немесе қарым-қатынас жасау қабілетін жоғалтуы мүмкін", - дейді дәрігер.
Дәрігерлер деменцияның басқа белгілеріне шатасу, агрессия, көру проблемалары, кенеттен пайда болған мінез-құлықтың өзгеруіді қосады.
Деменцияның Альцгеймер ауруынан айырмашылығы неде?
Екеуі де мидың дегенеративті аурулары, бірақ олардың арасында айырмашылықтар бар. Деменция – когнитивті құлдырауды сипаттау үшін қолданылатын жалпы термин, ал Альцгеймер ауруы - деменцияның ең таралған түрі.
Бұл ауру мидың есте сақтау және сөйлеуге жауапты аймақтарына әсер етеді. Сонымен қатар, Альцгеймер әдетте деменцияның басқа түрлеріне қарағанда баяу дамиды. Ол әдетте 65 жастан асқан адамдарда кездеседі, ал деменцияның басқа түрлері барлық жастағы адамдарға әсер етуі мүмкін.
Деменцияға қарсы қоғамның мәліметі бойынша, деменцияның кейінгі кезеңдерінде адамның иммунитеті төмендейді. Яғни, мұндай науқастарда инфекцияларды жұқтыру қаупі жоғары және олардың неғұрлым қауіпті түрі байқалады.
Деменциясы бар адамдардың өлімінің ең көп тараған себептерінің бірі –инфекциядан туындаған пневмония екен.
Т. Раушанұлы