Бір ғана нан не су аламын деп супермаркетке кіріп, бір арбаны қалай толтырып алып шыққанымызды білмей қаламыз. Маркетинг – адамның жоспарында жоқ затты сатып алуына мәжбүрлейтін өте айлалы және ақылды ғылым.
Қызыл түсті жеңілдіктермен елітіп әкетеді. Әдетте супермаркеттер сыртында ілініп тұратын арзандатылған баға жайында қызыл түсті жарнамаларды көп кездестіреміз. Бірақ олардың барлығы бірдей қолайлы баға екеніне сенуге болмайды.
Үлкен арбалар қояды. Сауда орындарындағы арнайы арбалар алғаш 1938 жылы ойлап табылды, соңғы 40 жыл ішінде олардың көлемі екі есе ұлғайды.
Жемістер мен көкөністер әдетте дүкеннің кіреберісінде орналасады. Зерттеушілер тұтынушылардың сатып алу деңгейін тексерді де, олардың «жақсы» деген өнімін алдымен көзге түсетіндей етіп қоюды шешті. Тұтынушылар пайдалы тағамдармен қатар, сыра, чипстер сияқты зиянды өнімдерді де көбірек алатыны анықталды.
Сүт өнімдерін дүкеннің ең түбіне орналастырады. Ең қажетті тауарыңызға жету үшін дүкенді толық аралап шыққаныңызды қалайды.
Жемістер мен көкөністерді балғын етіп көрсету үшін жуып, тазалап, жылтыратып қояды.
Олар сізді гүлдермен баурап алуға тырысады. Гүлдер мен жемістердің иісіне басыңыз айналып, шықпай жүре берсеңіз, тұзаққа түстім дей беріңіз.
Аштық сезімін туғызады. Көптеген супермаркеттерде кондитерлік бөлім шығатын жерде орналасады. Пеште піскен тағамдардың иісі мұрныңызға келісімен, бірден сілекейіңіз шұбырып, еріксіз алып қоясыз.
Сізді барлық жерге барып шығуға мәжбүр етеді. Нан, сүт, жұмыртқа сынды күнделікті қажетті тағамдарды әр жерге қояды. Сіз оларға барар жолда көптеген қажетсіз өнімдерді көрсеқызарлықпен алып қоятыныңызды жақсы біледі.
Өзіңізді тез жүріп келемін деп ойлайтындай жағдай туғызады. Қымбат тауар бөлімдерінің плиткаларын майда етіп салады, онымен тез жүріп келе жатқандай сезінесіз.
Жалғасы бар...