Уақытыңыз жоқ па?

Уақытыңыз жоқ па?
Фото: http://wallpapers.99px.ru

Күнделікті өмірде уақытым жоқ деген сөзді көп айтамыз. Алайда өмірдің ең маңызды құндылықтарына уақытымыз жоқ деп жүріп, не үшін өмір сүргенімізді, бар уақытымызды қайда жұмсағанымызды түсінбей қалмайық. 

Жұмыс істеуге уақыт табыңыз – бұл жетістіктің кепілі. 

Ойлануға уақыт табыңыз – бұл күш-қуаттың қайнар көзі. 

Ойынға уақыт табыңыз – бұл жастықтың құпиясы. 

Оқуға уақыт табыңыз – бұл білімнің мөлдір бұлағы. 

Достарыңызға уақыт бөле біліңіз – бұл бақыттың бастауы. 

Шүкіршілікке уақыт табыңыз – бұл ізгілікке бастар тура жол. 

Күлкіге уақыт табыңыз – ол өмірдің қиындықтарымен күресуге көмектеседі. 

Сұлу боп жүруге уақыт бөліңіз – ол барлық жерде қажет болады. 

Махаббатқа уақыт арнаңыз – бұл тағдырдың тартқан қасиетті сыйлығы. 

Армандауға уақыт бөліңіз – осылай ғана аспандағы айды ала аласыз. 

Жоспарлауға уақыт бөліңіз – ол бірнеше істі бір сәтте бітіруге сеп болады. 

Ең бастысы, денсаулыққа уақыт бөліңіз – бұл өмірдің ең қымбат қазынасы.

 

 

@. @assel_assanova