- Негізгі бет
- Жаднама
- Уақыттың 20 жауы...
Уақыттың 20 жауы
Біз уақытқа тәуелдіміз. Бірақ тәуелді бола тұра өзіміздің міндеттерімізді алға тартамыз. Уақыт жетпейтінін біле тұрып уақытты босқа өткіземіз. Ал сол уақытты құртатын жаулар нелер?
Ешқандай ниетсіз жұмыс уақытын пайдалану және жоспар құру;
Уақытқа деген сезімнің жоғалып кетуі;
Бір уақытта бірнеше жұмыспен айналысу;
Бәріне өзіңді «керекпін» деп есептеу;
Уақытқа сай күнтізбе жасай алмау;
Нақты әрі шешімді түрде істен бас тарта алмау немесе «жоқ!» деп жауап бере алмау;
Үстел үстінде жинақылықтың болмауы;
Жоспар жасауды ұмыт қалдыру;
Күнделікті жиырма минут сайтын әлеуметтік желідегі керексіз заттарға үңілу;
Керегі жоқ нөмірлер мен құжаттарды ақтару;
Шешім шығара алмау және бәсеңдік;
Уақыты келген кезде аяқ асты шала жұмысты тез бітіру;
Қателік үшін өкіне беру және өткенге үңілу;
Пайдасы жоқ көңілді алдайтын хабарламалар мен байланыстар;
Компьютерлік ойындар мен көгілдір экран;
Түрлі әлеуметтік желідегі қарым-қатынас;
Дұрыс ұйықтамау және дұрыс демалысты өткізе алмау;
Жігердің жетіспеуі;
Толық емес немесе толыққанды қалыптаспаған ақпараттар;
Ең маңызды жұмыстардың жұмыс уақытын соңына қалдыру;
Уақытты тиімді әрі дұрыс пайдалана біліңіз, жас дос!
М. Ақан