- Негізгі бет
- Жаднама
- Уақытты тиімді пайдалану:...
Уақытты тиімді пайдалану: Эйзенхаузерден кеңес
Эйзенхаузердің бізге ұсынатын басты кеңесі уақытты жай ғана тиімді пайдаланып қанай оймай онымен жұмыс жасай білу. Яғни асығыс жұмыс пен маңызды жұмыстың айырмашылығын білу керек. Одан бөлек ешқандай пайда бермейтін жұмысқа уақытты құртудың қажеті жоқ.
Эйзенхаузер уақытты ұтымды пайдалану үшін төрт ерекшелікті ұсынады:
«Ең маңызды» топ. Уақытты тиімді пайдалануға әкелетін топ. Бұл жерде ең басты нәрсе жұмыстың маңыздылығы. Егер жасап жүрген ісіңіз тек ойда ғана шоғырланып қалған болса, сіз бір нәрсені дұрыс жасап жүрген жоқсыз.
«Маңызды бірақ асығыс емес» топ. Бұл топқа жеке бас құндылықтары жатады. Мәселен біліктілікті арттыратын жобалар, спорт және тіл, денсаулық, жаңа кәсіп көзі. Бұлар уақыт өте келе адамды жетелеуші маңызды бірақ асығыс шешім жасайтын, уақытты талап ететін нәрселер емес.
«Маңызды емес, бірақ асығыс» тобы. Бұл ең қажетсіз тапсырма. Себебі ол сізді белгілі бір мақсатқа жеткізбейді. Тек амалдың жоқтығынан оны орындауға мәжбүрсіз.
«Маңызды емес, асығыс емес» тобы. Бұл тапсырмаларды орындамаңыз, бас тартаңыз.
Жоғарыдағы төрт топқа арап мән беріңіз. Және күнделікті ісіңізді осылай төр топқа бөліп жұмыс жасаңыз. Бұл сізге көмектеседі.
М. Ақан