- Негізгі бет
- Жаднама
- Уақытқа да уақыт...
Уақытқа да уақыт беріңіз...
Америкалық жазушы, журналист, Пулитцер премиясының лауреаты Регина Бреттің бір ауыз философиялық сөзі әлемге танымал. Өмірінде кездескен небір ауыр қиыншылықтарға қарамай, қатерлі дертпен күрессе де, жалғызбасты ана жазушы бақытты болуға талпынудан бас тартқан жоқ, керісінше, ол өз өмірін гүлдендіре түсті. Жазушының ешқашан өзектілігін жоғалтпаған өмірлік ережелерін оқып көріңіз.
Егер күмәндансаңыз, тағы алға қарай қадам жасаңыз.
Жек көруге уақыт құртатындай өмір тым ұзақ емес.
Сіз ауырғанда жұмыс сізге қамқорлық көрсетпейді, мұны жасайтын ата-анаңыз, достарыңыз. Олармен қарым-қатынасыңызды берік ұстаныңыз.
Өмір әділетсіз, бірақ бәрібір жақсы.
Терең тыныстаңыз. Бұл ойыңызды жинақтауға септігін тигізеді.
Қартаю – ерте өлген жастыққа әлдеқайда тиімді балама.
Өзіңізді жақсы көріңіз. Сәнді, ашық-қызыл киіну үшін қарттықты күтпеңіз.
Бақытты балалықты игеру ешқашан кеш емес. Екінші «балалық» тек өзіңізге байланысты.
Уақыт бәрін емдейді. Уақытқа да уақыт беріңіз.
Өмірден үйрену қажет емес. Сіз дүниеге келген соң қанша үлгересіз, сонша жасайсыз.
Күн сайын серуендеңіз. Таңғажайыптар барлық жерде болады.
Жылағыңыз келсе әлдекіммен бірге жылаңыз. Бұл жалғыз жылауға қарағанда жеңілірек.
Әр бәсте жеңу шарт емес. Келіс не келіспе.
Бүгініңізді құртпас үшін өткеніңізбен ымыраға келіңіз.
Бір нәрсені есте ұстаңыз: ең кереметі – алда.
Ең басты, негізгі мағынаға ие дүние – сіздің сүйгеніңіз немесе сүймегеніңіз.
Қызғаныш – текке уақыт жоғалту. Сізде не керектің бәрі бар.
Егер қарым-қатынас жасырын болу қажет болса, одан бас тартқаныңыз жөн.
Жарықты жағыңыз, жақсы төсекті пайдаланыңыз, жақсы киім киіңіз, арнайы жағдай үшін ештеңе сақтамаңыз, арнайы жағдай, ол – бүгін.
Сіздің бақытыңызға өзіңізден басқа ешкім жауапты емес.
Әрқашан өмірді таңдаңыз.
Таңғажайыпқа сеніңіз.
Ж. Жұмағұлов