Бір күні ол екеуі танысты, білісті. Жігіт қызды кофе ішуге шақырды. Олар кофеханаға келді, жігіт қатты әсерленді, бірақ, қызға рақмет деген бір ауыз сөз де айта алмады. Тіпті кейде қызды ыңғайсыз жағдайға қалдырып та қойды. Қыз кетуге ыңғайлана бастағанын сезген жігіт күтушіге тұз әкеліп беруін өтінді. Елдің бәрі жігітке аң-таң болып қарасты. Жігіт тұзды кофеге салып, іше бастады. «Қызық жан екенсің, кофеге тұз салып ішген адамды бірінші рет көруім» дейді қыз таң-тамаша болып. Жігіт:«Үйім теңіз жағасында болатын. Кішкентай кезімнен сол теңіз суының дәмін татып, ержеттім. Әр рет кофеге тұз салып ішсем ,балалық шағымды, теңіз жағасындағы жұпыны үйімді сағынам» деп әңгімесін бастады. Қыз әсерленді, әрі тартынбай онымен әңгімелесе бастады. Қыз бұл күнде туған жерін, ата-анасын, туған-туысқанын есіне алып, сағынатын мейірімді жігіттерді табу қиын. Мұндай ішкі сырын жасырмай айта алатын адам опалы болар деп ойлады... Осылайша екеуі кеңінен сыр шертісті. Ауылды айтысты, ауылдағы қызықтарды айтысты. Сол күннен бастап, екеуі үнемі кездесіп тұрды. Көп өтпей, той жасады. Олар бір-бірін құрметтеді, аялады. Әйелі қай уақыт болмасын, күйеуіне бір қасық тұз салып, кофе дайындап беретін. Қырық жыл уақыт зымырап өте шықты. Ол көз жұмар алдында кемпіріне хат беріп, әрі оны өзі өлген соң оқуын тапсырды. «Сүйіктім, алдыңда кінәлімін! Бақытты тұрмысымызды бір ауыз жалған сөзбен жасағандығым үшін кешір.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: gdcct.com