Бүгін біз сіздерге түстер туралы айтқымыз келіп отыр. Оны үйлестіре білу де — үлкен өнер. Ендеше, төменге назар аударайық.
1. Ақ түс — барлық түспен үйлесе береді. Әсіресе көк, қызыл және қара түстермен жақсы жарасады.
2. Сарғыш түс — көк, қоңыр, қара, қызыл, ақ, жасыл түстермен үйлеседі.
3. Сұр — негізгі базалық түс. Оны қызыл, көк, қызғылт, фуксия, күлгін түстермен араластыруға болады.
4. Қызғылт түс — қоңыр, ақ, жасыл жалбыз, сұр, көгілдір, сарғыш түстермен жарасады.
5. Қызыл түс — сары, ақ, жасыл, көк, қоңыр және қара түстермен үйлеседі.
6. Қоңыр түсті — ашық көк, қызғылт, жасыл, сарғыш, қуқыл-сарғылт, ақшыл-сары түстермен байланыстыруға болады.
7. Күңгірт-қызыл — сұр, көк, құм түс, ақ, жасыл түстермен жарасымды.
8. Қызғылт сары түс — көк, ашық көк, күлгін, ақ, қара түстермен үйлеседі.
9. Сары — көк, күлгін, сұр, қара, ашық көк, қызғылт түстермен керемет жарасады.
10. Көк түс — қызыл, сұр, қоңыр, қызғылт, ақ, сары түстермен байланысады.