Түсіңде ақша көрсең...

Түсіңде ақша көрсең...

Ақша — көптеген проблемалардың себебі және шешімі. Сондықтан кез келген адам өмірінде бір рет болсын ақшаға қатысты түс көруі әбден мүмкін. Түсіңде ақша көру нені білдіреді?

Түсіңде көп ақша көрсең...

Жалпы қомақты сома өмірлік өзгерістерді білдіреді. Ойлағаныңызға жету үшін бірдеңеден бас тарту керек болуы мүмкін.

Түсіңде ақша жоғалтып алсаң...

Түсіңізде көрген кез келген қаржылық шығын шынайы өмірдегі сәтсіздіктерді білдіруі мүмкін. Егер түсіңізде ақшаңызды ұрлап кетсе немесе ақша санаған кезде жетіспесе, шынайы өмірде сатқындық құрбаны болуыңыз мүмкін. Ақша жоғалтып алу жайлы түстер жиі сіздің кінәңізден болатын сәтсіздіктерді білдіреді. Сондықтан жұмысқа немесе серігіңізге деген қатынасыңызды өзгертіңіз. Сіздің бейқамдығыңыз жағымсыз салдарларға әкелуі мүмкін.

Түсіңде ақша тауып алсаң...

Түсіңізде ақша тауып алып, бірақ бірден жоғалтып алсаңыз, ол шынайы өмірде мүмкіндікті жіберіп алуыңыз мүмкін екенін білдіреді. Ал егер түсіңізді қомақшы сома тауып алсаңыз, жақын арада жолыңыз болады. Оның материалды болуы міндетті емес.

Түсіңде ақша беріп жатсаң...      

Жомарттық – адам бойындағы ең жақсы қасиеттердің бірі. Сондықтан, егер түсіңізде біреудің өмірін жақсы жаққа өзгертуге тырыссаңыз және ол үшін ақшаңызды аямасаңыз, шынайы өмірде жақсы жаңалықты күтіңіз. Ал түсіңізде қайтыс болған адамға қарызға ақша беріп жатсаңыз, ол жақынарада күтпеген табыс келетінін білдіреді.   

Түсіңде ақша тығып жатсаң...

Ақшаны басқалардан тығып жатсаңыз, шынайы өмірдегі соңғы әрекеттеріңізге анализ жасаңыз. Мүмкін олардың бірінен іштей ұялып жүрсіз. Сондай-ақ шешім қабылдаудан қорқып жүрген болуыңыз мүмкін. Қалай десе де, мұндай түс өз-өзіңізбен адал болуға уақыт келгенін білдіреді.