- Негізгі бет
- Жаднама
- Туристің 10 басты...
Туристің 10 басты қателігі
Саяхаттау – уақытты тиімді өткізу ғана емес. Саяхат кезінде түрлі келеңсіздіктерге ұрыну қаупі де бар. Мұның алдын алу үшін туристердің жіберетін 10 қателігі жайлы сөз қозғадық.
1. Тым көп киім
Сен өмірбақиға кетіп бара жатқан жоқсың. Осыны ұмытпа. Бәрібір 14 күн бойы бір футболка мен джинсы киіп жүретініңді өзің де білесің.
2. Үйден шығарда құжаттарды түгендеп алмау
Әуежай немесе вокзалға келгенде ғана құжаттардың ұмытылып кеткені еске түсетін жағдайлар әркімнің басынан өтуі мүмкін. Осындай келеңсіздікке ұрынбас үшін барлық құжаттарды алдын-ала түгендеп, сөмкеңе салып қой. Сөмкеңе, шабаданға емес.
3. Баратын жеріңнің ауа райын есепке алмау
Ауа райы барлық жерде құбылмалы. Жаз мезгілі деп, бірде-бір қалың киім алмай, жолға шығу – дұрыс емес. Кей жағдайда сол жақта жүріп қалың киім сатып алу қажет болады. Ал бұл – артық шығын.
4. Артық ақша алмау
Жолға шыққанда ең тиімдісі – кредиттік карталар екені мәлім. Және, қажет болса, кез келген елде ақша айырбастау пунктін табарың анық. Алайда, ақшаны сол елдің ақшасына елде жүріп айырбастап алу да артық етпейді.
5. Бара жатқан елдің дәстүрі мен заңдарына бағынбау
Бара жатқан елдің тарихын жатқа білу міндетті емес екені анық. Алайда ұстанатын салт-дәстүрлерімен алдын-ала танысып алған жөн. Тым құрығанда, сол елдің тұрғындарының құрметіне немесе өз қауіпсіздігің үшін.
6. Маршрутты алдын-ала жоспарламау
Түрлі қызықты маршруттардың болғанын тек елге келгенде ғана біліп, сан ұрып қалмас үшін маршрутты алдын ала жоспарлап алған жөн. Және оларға барудың ыңғайлы нұсқаларын қарастыр. Осы арқылы біраз ақша үнемдейсің, екіншіден, жолда кездесетін келеңсіздіктерге ұрынбайсың.
7. Көп нәрсені жоспарлау
Және соның бәріне үлгеруге тырысу. Жоспар, әрине, керек. Бірақ, оны ойға алып, жағдайға байланысты әрекет ет. Әйтпесе жақсы демалып, әсерге бөленудің орнына өзіңнің және айналаңдағылардың демалысын бүлдіріп алу қаупі бар. Бір сәтпен өмір сүруді үйрен.
8. Танымал туристік орындарға демалыс күндері бару
Онда жұмыс күндерінің өзінде адам көп болады. Ал демалыста не болып жататынын өзің де түсінетін шығарсың.
9. Ыңғайсыз киім мен аяқ киім кию
Иә, биік өкшелі аяқ киім аяғыңды ұзын, әрі тартымды етіп көрсететін шығар. Бірақ шабаданды биік өкшелі аяқ киіммен сүйреп жүру біраз ыңғайсыз екені рас қой?
10. Бірден жағажайға жүгіру
Акклиматизация жайлы естіген шығарсың? Сондықтан, бірінші күндері жағажайдың көлеңкесінде, күннен қорғайтын кремді молынан жағып алып отыру керек. Сонымен қатар сағат 12 мен 17 аралығында жағажайда жатпаған жөн. Мұндай кезде күн өте белсенді әсер етеді.
Сурет: ellegirl.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
Оқи отырыңыз:
Жазғы демалысты қалай өткізуге болады?
Еңбек демалысы жайлы не білуіміз керек?
Жазғы демалыс: жақсы шабадан таңдайық
A. Mustafina