- Негізгі бет
- Жаднама
- Түнгі сағат 2-3...
Түнгі сағат 2-3 аралығында қандай адамдар оянады?
Біздің қай уақытта оянатынымызға байланысты денсаулығымыз, мінезіміз туралы көп мәлімет алуға болады.
Ерте тұрудың пайдасы туралы тек дәрігерлер ғана емес, сонау ерте заманда Пифагор айтып кеткен. Оның Кротон мектебінде оқитын шәкірттері Күн шығардан бұрын тұрып, Аполлонға арналған әнұран айтып, өздерінің өмірлік ұстанымдары туралы баяндаған.
Түнгі сағат 2-3 аралығанда тұру
Егер адам еш қиындықсыз осы уақытта тұрса, өзіндік сана сезімін басқара алады. Бұл уақытта Күннің белсенділігі төмен болып, Айдың ерекше күш-қуаты жанды тынышталдыратын қасиет береді. Бірақ, бұл жандарға көпшілік ортасында көпке дейін қалмаған дұрыс.
Таңғы сағат 4-5 аралығында ояну
Бұл уақытта оянатын адамдар пессимистік қасиетінен толық арылып, өмірлік оптимист бола алады. Тіпті, Жердің өзі осы уақытта ерекше белсенділікке ие болады. Мұны сезген құстар ән салады. Осы уақытта әдетте ақындар, композиторлар, музыканттар, әншілер, жалпы оптимист адамдар оянады. Ерте тұру әрдайым қуаныш ұғымымен қатар жүреді. Мұнымен қатар, ерте оянуды әдетке айналдыру арқылы күйзеліске қарсы тұратын психикалық иммунитетке ие болуға болады.
Ал сіз сағат қаншада оянасыз?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: Massaget.kz
Қ. Бүйенбай