Біз тәтті ұйқының жетегінде кеткен сәтімізде, ағзамыз түбегейлі демалыс қалпына енетіндей күй кешеді. Кеш бата бастаған сәттен-ақ ағзамыз шаршағансып, есінеуді жиілетіп, ұйқыңа кететін уақыттың болғандығынан хабардар етеді. Өкінішке орай, заманына қарай қарбалас тірлік болған соң уақытылы ұйықтауға шамамыз жетпей, таңертеңгісін жұмысқа не оқуға кетер алдында тәтті ұйқымызды қимай әрең дегенде еңсемізді көтеріп, шаруамызға аттанамыз.
Биологиялық тұрғыдан келгенде, дене температурамыз төмендеп, ағзамыз әлсіреп, ұйқының белгісін білдіре бастайды. Ағзамында қан құрамындағы лейкоциттер саны екі есе көбейіп, иммундық жүйеміз өзіндік тексеріс жұмыстарын жүргізе бастайды.
Сағат 23.00 шамасында денеміз боссаңсып, жасушаларымыз жаңа кейіпке ене бастайды.
00:00–дер кезінде ағзамыз өзгеше бір күйге ене бастайды. Өзіміз ұйқыға кеткенімізбен, ми жасушалары күні бойғы іс-әрекетімізді саралап, жадымыз екі есе жұмыс істей бастайды.
Түнгі 1:00 кезінде ағзамызда бұрын болған ауыр жарақатттар немесе тіс ауруы қабынып, таңға дейін ұйқы бермеуі әбден мүмкін.
Сағат 2:00-дерде барлық дене мүшелеріміз тынығады.Тек бауыр ғана өз жұмысын тоқтатпай,ағзамыздағы артық дүниелерді сараптай бастайды.
Физикалық тұрғыдан келгенде, түнгі 3:00 шамасында денеміз толықтай ұйқы режиміне өтеді. Қан қысым, тыныс алу деңгейіміз төмендеп, ақырын қызмет ете бастайды.
Таң ата бастаған кезде, 4:00–дер кезінде миымыз бізді оятуға асықпағанымен есту қабілетіміз жақсы жұмыс атқарады. Таңғы 4:00 шамасында тырс еткен кез-келген дыбыстан оянып кететініміз міне осыдан.
5:00-дер шамасында, бауырымыз, бұлшық еттеріміз демалғанымен, ағзамыз толықтай оянуға әзір болады.
Санамыз толықтай демалып жатқанымен, таңғы 6:00-де жүрек қағысымыз екі еселеніп, қан қысымымыз күшейе түседі. Ағза толықтай оянуға даяр болады.
Дәрі-дәрімек қабылдаушылардың назарына, таңғы 7:00 өте сіңімді кез деп айтсақ артық айтпағандымыз. Себебі, бұл уақыт сіздің жаңа күнді сәтті бастауыңыздың жұлдызды сәті. Салқын душ қабылдап, жұмысқа асығатын керемет уақыт. Ұйқы толықтай қанып, ағзаңыздың бірқалыпты деңгейде жұмысқа кірісетін тиімді уақыт мөлшері болып есептелінеді.
Күйгелең тірліктің соңында жүре бермей, түнгі аусымыңыздағы уақыт мөлшерін бағалап жүргейсіз. Деніңіз сау, ұйқыңыз тыныш болсын!