Үндістердің майя күнтізбесі – біздің заманымызға жеткен құралдардың бірі. Оның көмегімен майя абыздары ауқымды жағдайларды және әр адамның болашағын болжап айтқан. Майя жұлдыз жорамалы бойынша мықты және әлсіз тұстарыңызды анықтаңыз.
Маймыл
Туған күндер: 6 немесе 31 наурыз, 20 сәуір, 10 немесе 30 мамыр, 19 маусым, 9 немесе 29 шілде, 18 тамыз, 7 немесе 27 қыркүйек, 17 қазан, 6 немесе 26 қараша, 16 желтоқсан, 5 немесе 25 қаңтар, 14 ақпан.
Маймылдың өкілдері көпшіл келеді. Олар басқаларға ұнайды. Олардың айналасында үнемі оптимизмге толы адамдар жүреді. Бұл күндері дүниеге келген адамдар шоу-бизнесте, сән әлемінде немесе саудада табысты мансап жасай алады. Махаббатта олардың әдетте жолы болады. Сондай-ақ, бұл адамдар отбасының үлкен болғанын қалайды.
Жол
Туған күндер: 7 наурыз, 1 немесе 21 сәуір, 11 немесе 31 мамыр, 20 маусым, 10 немесе 30 шілде, 19 тамыз, 8 немесе 28 қыркүйек, 18 қазан, 7 немесе 27 қараша, 17 желтоқсан, 6 немесе 26 қаңтар, 15 ақпан.
Бұл күндерде туылғандар жинақылығымен, байсалдылығымен және ұйымшылдығымен ерекшеленеді. Олар өмірден не қалайтындарын анық біледі. Олар сондай-ақ тағдырдың кез келген соққысын табандылықпен қабылдайды. Олар өздерінің сезімталдығын көп адамға көрсете бермейді. Мансапқа келетін болсақ, Жол белгісінің өкілдері өмір бойы бір қызметте жұмыс істей алады және қарапйым қызметкерден көшбасшылық орынға көтеріле алады.
Маис
Туған күндер: 8 наурыз, 2 немесе 22 сәуір, 12 мамыр, 21 маусым, 11 немесе 31 шілде, 20 тамыз, 9 немесе 29 қыркүйек, 19 қазан, 8 немесе 28 қараша, 18 желтоқсан, 7 немесе 27 қаңтар, 16 ақпан.
Маистың қамқорлығында туған адамдар мақсатты және қырсық келеді. Олар мақсатты көреді, ал кедергілерді байқамайды. Олардың энергиясы мол, олар үзіліссіз жұмыс істеуге дайын. Көбінесе олар нақты ғылымдарды жақсы меңгереді. Олардан жақсы заңгер, дәрігер, ғалымдар шығады. Сондай-ақ, бұл белгінің өкілдері көпшілікті басқаратын дарынды көшбасшы бола алады. Бірақ күнделікті өмірде олар өте қарапайым.
Ягуар
Туған күндер: 9 наурыз, 3 немесе 23 сәуір, 13 мамыр, 1 немесе 21 маусым, 12 шілде, 1 немесе 20 тамыз, 10 немесе 30 қыркүйек, 20 қазан, 9 немесе 29 қараша, 19 желтоқсан, 8 немесе 28 қаңтар, 17 ақпан.
Бұл белгінің өкілдері батылдығымен және өзіне деген сенімділігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, шыққан тегіне қарамастан, олар жоғары интеллектке және басқа адамдардың пікірлері мен шешімдеріне әсер ету қабілетіне ие. Олар үшін ең бастысы – үнемі дамып, алға ұмтылу. Бірақ қарым-қатынаста олар құбылмалы болуы мүмкін. Сондай-ақ олар серігіне шектеу қоюға бейім келеді. Бірақ ғашық болған кез келген адам күрт өзгереді.
Бүркіт
Туған күндер: 10 наурыз, 4 немесе 24 сәуір, 14 мамыр, 3 немесе 23 маусым, 13 шілде, 2 немесе 22 тамыз, 11 қыркүйек, 1 немесе 21 қазан, 10 немесе 30 қараша, 20 желтоқсан, 9 немесе 29 қаңтар, 18 ақпан.
Бүркіт өкілдері ұжымда лидер болады, олар басқаларға нұсқау бергенді және үйреткенді ұнатады. Олар өздерінің сезімдерімен бөлісуге дайын емес және өте ұстамды көрінеді. Кейде олардың әрбір қадамы ұсақ-түйекке дейін ойластырылғандай әсер қалдырады. Қарым-қатынаста да олар сезімдерін көрсете бермейді. Олар өмірлерін сән-салтанатты және жайлы етуге ұмтылады.
Гриф
Туған күндер: 11 наурыз, 5 немесе 25 сәуір, 15 мамыр, 4 немесе 24 маусым, 14 шілде, 3 немесе 23 тамыз, 12 қыркүйек, 2 немесе 22 қазан, 11 қараша, 1 немесе 21 желтоқсан, 10 немесе 30 қаңтар, 19 ақпан.
Бұл күндері дүниеге келгендердің табиғаты күрделі. Бір жағынан, олар өте мейірімді және көпшіл, ал екінші жағынан, олар көңіл-күйге тәуелді және турашыл. Бұл адамдарға эмоцияларын ұстау және қазір не ойлап тұрғанын айтпау өте қиын. Мамандық таңдауда Гриф өкілдері тек өздерінің түйсігіне сүйенеді. Олардың көпшілігінен табысты бизнесмендер шығады. Олар шығармашылық мамандықты да таңдай алады. Махаббатта бұл белгінің адамдары тәуелсіздік пен теңдікті бағалайды.
Жер
Туған күндер: 12 наурыз, 6 немесе 26 сәуір, 16 мамыр, 5 немесе 25 маусым, 15 шілде, 4 немесе 24 тамыз, 13 қыркүйек, 2 немесе 23 қазан, 12 қараша, 2 немесе 22 желтоқсан, 11 немесе 31 қаңтар, 20 ақпан.
Жер адамдары оптимизммен және көңілді мінезімен ерекшеленеді. Олар әрқашан адамдарға мейіріммен қарайды және әркез көмектесуге дайын. Бұл белгінің өкілдері өз өмірін жағымсыз эмоцияларға жұмсамайды. Сіз олар туралы жаман сөздерді сирек естисіз. Сондай-ақ, бұл адамдар қарапайым өмір салтын ұстануды жөн көреді және олар мансапқор емес.
Шақпақтас
Туған күндер: 13 наурыз, 7 немесе 27 сәуір, 17 мамыр, 6 немесе 26 маусым, 16 шілде, 5 немесе 25 тамыз, 14 қыркүйек, 4 немесе 24 қазан, 13 қараша, 3 немесе 23 желтоқсан, 12 қаңтар, 1 немесе 21 ақпан.
Бұл күндері дүниеге келген адамдар өздеріне сенімді, өмірден не қалайтынын біледі, біреуден кеңес сұрағанды ұнатпайды және өздеріне ұнайтын нәрсені жасайды. Тіпті, туыстары олардың пікіріне әсер ете алмайды. Әдетте, бұл белгі өкілдерінің достары көп емес. Мансапта олар үшін тұрақтылық пен жайлылық маңызды. Махаббатқа келетін болсақ, олар тек сезімдерін басшылыққа алады. Бірақ неке берік болуы үшін олар өте сабырлы серіктесті таңдауы керек.
Найзағай
Туған күндер: 14 наурыз, 8 немесе 28 сәуір, 18 мамыр, 7 немесе 27 маусым, 17 шілде, 6 немесе 26 тамыз, 15 қыркүйек, 5 немесе 25 қазан, 14 қараша, 4 немесе 24 желтоқсан, 13 қаңтар, 2 немесе 22 ақпан.
Бұл белгі өкілдері өте сезімтал. Олар жиі мұңды көрінеді. Найзағай адамдары өздері қалағандай болмаған кез келген жағдайға қатты әсер береді. Мұндай сезімталдығымен оларға шығармашылық қабілетті қажет ететін немесе күйзелісі жоқ мамандық таңдауы керек. Ал махаббат тұрғысында олар шыдамсыз және серігінің өз ережелері бойынша өмір сүргенін қалайды.
Күн
15 наурыз, 9 немесе 29 сәуір, 19 мамыр, 8 немесе 28 маусым, 18 шілде, 7 немесе 27 тамыз, 16 қыркүйек, 6 немесе 26 қазан, 15 қараша, 5 немесе 25 желтоқсан, 14 қаңтар, 3 немесе 23 ақпан.
Күн адамдары кез келген ортаның жанына айнала алады. Олар кез келген ұжымның басын жинай алады және жанжалды жағдайдан оңай шыға алады. Оған қоса, олар табиғатынан белсенді және жақсы ұйымдастырушы қабілетке ие. Мұндай адамдар басқаларға қуаныш сыйлайтын қызмет саласында өздерін жақсы сезінеді.