Туған күніңіз қашан? Майя жұлдыз жорамалы бойынша мықты және әлсіз тұстарыңызды анықтаңыз

Үндістердің майя күнтізбесі – біздің заманымызға жеткен құралдардың бірі. Оның көмегімен майя абыздары ауқымды жағдайларды және әр адамның болашағын болжап айтқан. Майя жұлдыз жорамалы бойынша мықты және әлсіз тұстарыңызды анықтаңыз.

Қолтырауын

Туған күндер: 16 немесе 21 наурыз, 10 немесе 30 сәуір, 20 мамыр, 9 немесе 29 маусым, 19 шілде, 8 немесе 28 тамыз, 17 қыркүйек, 7 немесе 27 қазан, 16 қараша, 6 немесе 26 желтоқсан, 15 қаңтар, 4 немесе 24 ақпан.

Ежелгі майя халқы Қолтырауын қамқорлығында дүниеге келген адамдар өте сезімтал және эмоционалды келетініне сенген. Олардың интуициясы жақсы, бірақ олар ішкі дауысын тыңдай бермейді. Оларға жақсы компанияда болу маңызды және олар материалдық емес, рухани өмір сүргісі келеді. Олар шығармашылық немесе басқаларға көмек қажет болатын жұмыс тапқаны дұрыс. Бұл адамдар өз бейімділігін тапса, бұл әлемге жаңа және пайдалы дүние әкеле алады. Егер олар өз-өздерімен үйлесімді бола алса, жақсы серік те болады.

Жел

Туған күндер: 17 немесе 22 наурыз, 11 сәуір, 1 немесе 21 мамыр, 10 немесе 30 маусым, 20 шілде, 9 немесе 29 тамыз, 18 қыркүйек, 8 немесе 28 қазан, 17 қараша, 7 немесе 27 желтоқсан, 16 қаңтар, 5 немесе 25 ақпан.

Бұл күндері дүниеге келген адамдар тасып жатқан энергиясымен ерекшеленеді, олар бос отыра алмайды және әлемді жақсы жағына өзгертуге ұмытылып жүреді. Кейде оларға ештеңеге үлгермей жатқандай көрінеді де, шаршағанын сезбей, жұмыс жасап отыра бере алады. Сондай-ақ Жел өкілдері жаңа адамдармен оңай танысады және жаңа ортаға жылдам сіңіп кетеді. Оларға басқарушылық немесе адамдармен аралсумен байланысты жұмыстар жақсы келеді. Отбасылық өмірде олармен қиын болуы мүмкін. Оның серігі зияткерлік жағынан одан қалыспауы керек және дамуға дайын болуы тиіс. Жел өкілдері жиі алдымен мансап құрып, содан соң отбасылы болады.

Түн

Туған күндер: 8 немесе 23 наурыз, 12 сәуір, 2 немесе 22 мамыр, 11 маусым, 1 немесе 21 шілде, 20 немесе 30 тамыз, 19 қыркүйек, 9 немесе 29 қазан, 18 қараша, 8 немесе 28 желтоқсан, 17 қаңтар, 6 немесе 26 ақпан.

Олар жұмбақ және тұйық адамдар. Олар әрдайым ұстамды келеді және сөйлегеннен гөрі көбірек тыңдайды. Бірақ бұл олардың эмоциясы жоқ деген сөз емес. Оларды ренжітіп алу оңай. Бірақ сіз ол жайлы білмеуіңіз де мүмкін. Мансапта олар үшін тұрақтылық маңызды. Бұл күндері дүниеге келген адамдар әріптестерімен сөзге келмейді, ынтасының арқасында жоғары дәрежеге жете алады. Сондай-ақ олардан дарынды суретшілер мен музыканттар шығады.

Кесіртке

Туған күндер: 19 немесе 24 наурыз, 13 сәуір, 3 немесе 23 мамыр, 12 маусым, 2 немесе 22 шілде, 11 немесе 31 тамыз, 20 қыркүйек, 10 немесе 30 қазан, 19 қараша, 9 немесе 29 желтоқсан, 18 қаңтар, 7 немесе 27 ақпан.

Бұлар қиялдап жүретін адамдар емес. Олар нақты мақсат қойып, соған қарай жүреді. Олардың мақсатқа талпынушылығымен қатар, керек кезде қажет адамдармен байланыс орната білу қабілеті де бар. Олардан жиі жақсы саясаткер немесе бизнесмендер шығады. Олар үшін қаржыны ақылмен жұмсау немесе үнемдеу қиын. Қарым-қатынаста олар мінсіздікті қалайды.

Жылан

Туған күндер: 20 немесе 25 наурыз, 14 сәуір, 4 немесе 24 мамыр, 13 маусым, 3 немсее 23 шілде, 12 тамыз, 1 немесе 21 қыркүйек, 11 немесе 31 қазан, 20 қараша, 10 немесе 30 желтоқсан, 19 қаңтар, 8 немесе 28 ақпан.

Жылан белгісінің адамдары сырттай қарағанда сабырлы көрінеді. Бірақ олардың жақындары негізінде олай емес екенін жақсы біледі. Бұл күндері дүниеге келген адамдар қажет болса, үндемей қалмайды және шыдап отырмайды. Олардың барлық нәрсеге өз ойы бар және олар өз бағасын біледі. Сондай-ақ олардың интуициясы жақсы дамыған. Олардың нақты кестесі жоқ шығармашылық жұмыс таңдағаны жақсы.

Бас сүйек

Туған күндер: 1 немесе 26 наурыз, 15 сәуір, 5 немесе 25 мамыр, 14 маусым, 4 немесе 24 шілде, 13 тамыз, 2 немесе 22 қыркүйек, 12 қазан, 1 немесе 21 қараша, 11 немесе 31 желтоқсан, 20 қаңтар, 9 немесе 29 ақпан.

Бұл күндері дүниеге келген адамдар әдептілігімен ерекшеленеді. Олармен сөзге келу қиын. Олар созылмалы жандалдарды жақтырмайды, олар одан да өздерін ренжіткен адамды кешіріп, ары қарай ештеңе болмағандай жүреді. Сырттан қарағанда олар өте сүйкімді көрінеді және олар туа біткен лидерлер. Олар басшылық қызметте жұмыс істесе де, шаруаларды жауапкершілікпен атқарып, басқалардың оны байқағанын және мақтағанын қалайды. Олар сәтсіздіктерді жиі ауыр қабылдайды.

Бұғы

Туған күндер: 2 немесе 27 наурыз, 16 сәуір, 6 немесе 26 мамыр, 15 маусым, 5 немесе 25 шілде, 14 тамыз, 3 немесе 23 қыркүйек, 13 қазан, 2 немесе 22 қараша, 12 желтоқсан, 1 немесе 21 қаңтар, 10 ақпан.

Бұл күндері дүниеге келген адамдар тәуелсіз және дербес. Олар өз өмірін өздері құрады. Кейде олар өзінше, тәкаппар көрінуі мүмкін. Мансапта олар жоғары дәрежеге жетуді қалайды. Олар әрдайым басшылықтың көңілінен шығады. Оларды әріптестері де жақсы көреді және одан жиі кеңес сұрайды. Бірақ олар үшін жұмыс ләззат сыйлау керек, ұнамайтын жұмыста олар табысқа жете қоймайды.

Қоян

Туған күндер: 3 немесе 28 наурыз, 17 сәуір, 7 немесе 27 мамыр, 16 маусым, 6 немесе 26 шілде, 15 тамыз, 4 немесе 24 қыркүйек, 14 қазан, 2 немесе 23 қараша, 13 желтоқсан, 2 немесе 22 қаңтар, 11 ақпан.

Олар жалғыздықты қаламайды. Олар магнитше адамдарды өздеріне тартады. Бұл белгі өкілдерімен ешқашан зерікпейсіз, олар басқа адамдардың мінезіне және көңіл күйіне қарай бейімделе алады. Бірақ өздері әр ұсақ-түйекті уайымдап кетеді. Олар үшін мансап басты нәрсе емес, олар отбасы мен достарын бірінші орынға қояды. Олар өте балажан, балалар да оларды жақсы көреді.

Су

Туған күндер: 4 немесе 29 наурыз, 18 сәуір, 8 немесе 28 мамыр, 17 маусым, 7 немесе 27 шілде, 16 тамыз, 5 немесе 25 қыркүйек, 15 қазан, 4 немесе 24 қараша, 14 желтоқсан, 3 немесе 23 қаңтар, 12 ақпан.

Су өкілдері әдетте үйлесімді, дана, асықпайтын адамдар секілді әсер қалдырады. Бірақ оның артында табандылық пен еңбекқорлық жасырылған. Бұл адамдар тағдыр мен сәттілікке сенуге үйренбеген, олар бәріне өздері жетеді. Сондай-ақ бұл белгінің өкілдері ақылды және дарынды. Олар өздерінің шеберлігін үнемі дамытуды қажет ететін шығармашылық мамандықты таңдағаны дұрыс. Олар үшін махаббатта қуаныш пен бақытты сезіну өте маңызды.

Ит

Туған күндер: 5 немесе 30 наурыз, 19 сәуір, 9 немесе 29 мамыр, 18 маусым, 8 немесе 28 шілде, 17 тамыз, 6 немесе 26 қыркүйек, 16 қазан, 5 немесе 25 қараша, 15 желтоқсан, 4 немесе 24 қаңтар, 13 ақпан.

Бұл күндері өмірге келген адамдар жарқын жүзді келеді, олар көпшіліктің назарында болғанды ​​жақсы көреді және жалғыздыққа шыдамайды. Олар өте шынайы, бірақ шамадан тыс турашылдығының арқасында олар адамдарды жиі ренжітіп алады. Оларға қызыққа толы жұмыс керек, күнде қайталанатын істерден жылдам жалығып кетеді. Олар тосынсыйларды, сыйлықтарды және жаңа әсер алғанды жақсы көреді. Олар некеде эмоциясын көрсете бермейді, бірақ адал әрі қамқор жар болады.

Жалғасы