Туған күнге не сыйлауға болмайды?

Туған күн – керемет әрі қуанышты мереке. Туған күн иесіне ұнайтын және есте қаларлық сыйлық беру үшін оның қызығушылықтары мен мінезін білу қажет. Алайда халық арасында туған күн иесіне беруге болмайтын сыйлықтар туралы сенімдер мен ырымдар бар. Егер туған күн иесі ырымға сенетін адам болса, оны ренжітіп алмас үшін сыйлауға болмайтын заттар туралы білген жөн.

Айна

Ертеден айнаны түрлі тылсым рәсімдерімен байланыстырады. Айна адамның жағымсыз энергетикасын өзіне жұтады деген де ырым бар. Сондықтан ежелгі айналарды алудан сақ болыңыз. Сонымен қатар, айнаны тегін алмау керек деген де ой бар. Сондықтан, егер ырымға сенетін болсаңыз, айнаны сыйлаушыдан аз ақшаға болса да сатып алыңыз.

Сағат

Жақын адамға сағат сыйлауға болмайды деген ырым бар. Оның түрлі себептері айтылады. Солардың бірі – сағат сыйлау ұрысқа, айырылысуға немесе достықтың тоқтауына әкеледі делінеді. Толығырақ мына жерден оқыңыз.

Пышақ

Қадалғыш-кескіш құралдарды сыйлау ұсынылмайды. Халық арасында мұндай заттардың өткір басы жағымсыз энергияны жинайды деген ой бар. Бірақ кей халықтар, мысалы, кавказдар сыйлық ретінде берілген қанжарды байлық пен сәттілік әкеледі деп санайды.

Інжу

Аңыздар бойынша, інжу көз жасын шақырады. Сондықтан кей адамдар сыйлыққа інжуден жасалған әшекей немесе басқа да заттар беруге/алуға қарсы.

Сынық және бос ыдыс

Сыйлыққа ыдыс алған болсаңыз, оның бүтіндігін жақсылап тексеріңіз. Себебі жырығы бар ыдыс туған күн иесінің өмірін "сындырады" делінеді. Сонымен қатар, бос ыдыс сыйлауға болмайды деген де ырым бар. Сондықтан ыдыстың ішіне тиын салып, бақыт әкелетіндігін айтыңыз.

Бос әмиян

Туған күн иесіне бос әмиян берсеңіз, ол өз кірісінен айырылуы мүмкін деген ырым бар. Сондықтан әмиянға ақша салып беру ұсынылады. Сол кезде ол туған күн иесіне байлық пен жаңа мүмкіндіктер әкеледі деп ырымдайды.

Бұл ақпаратты ырымшыл адамдарға арналған мәлімет деп қабылдаңыз. Бұл ырымдарға сену не сенбеу өз құзырыңызда! Сіз нені сыйлауға болмайтындығын естідіңіз?