"Торпақтар екінші жартысын табады, ал Таразыларды ерекше әсерлер күтіп тұр". Жұлдыз жорамал: 26.12.2022 – 01.01.2023

"Торпақтар екінші жартысын табады, ал Таразыларды ерекше әсерлер күтіп тұр". Жұлдыз жорамал: 26.12.2022 – 01.01.2023
Фото: cursorinfo.co.il

Жылдың соңғы аптасы келіп жетті. Бұл жеті күн қарбаласта әрі ерекше өтуі мүмкін, себебі барлық шаруаны жылдам аяқтап, демалғыңыз келеді. Астрологтар жұлдыз белгісі өкілдеріне жыл соңында қажет болуы мүмкін кеңестер берді.

Тоқты
20 наурыз – 19 сәуір

Болашақта тұрақты табысқа әкелетін нәрсені жоспарлауға жақсы уақыт. Сыйақы алуыңыз немесе айлығыңыз өсуі мүмкін. Оптимизмдік көзқарасыңыз басым болып, икемді бола түсесіз. Осы апта бойы мерекелік көңіл күймен жүресіз.

Торпақ
20 сәуір – 20 мамыр

Торпақтар толықтай жұмысқа беріледі немесе бүкіл уақытын мерекеге дайындалуға жұмсайды. Аптаның басында жұмысыңыз жақсы жүреді, сондықтан осы кезде маңызды істеріңізді аяқтаңыз. Апта бойы белсенді және қуатты болып жүресіз. Бұл жұлдыз белгісінің жалғызбасты өкілдерін аптаның екінші жартысында махаббат тұрғысынан қызықты оқиғалар күтіп тұр.

Егіздер
21 мамыр – 20 маусым

Бұл аптада ықылас білдіріп, өз белсенділігіңізді көрсетуіңіз керек. Мұндай әрекет, әсіресе, мансапта өсуге пайдалы. Көпшілік Егіздерде табыс табуға жақсы мүмкіндік туады, бірақ ол үшін шыдамдылық пен табандылық таныту қажет болады. Жаңа таныстық күтіп тұр және өміріңіз түбегейлі өзгеруі мүмкін.

Шаян
21 маусым – 22 шілде

Бұл апта сізге керемет мүмкіндіктер береді. Осы кезде жақындарыңыз бен достарыңызға көмегіңізді аямаңыз. Бұл уақыт серіктестер табуға, қызықты сапарларға шығуға және көңілді кештер ұйымдастыруға қолайлы. Отбасында үйлесім орнайды. Қазір сіз магнит секілді сәттілікті өзіңізге тартасыз.

Арыстан
23 шілде – 22 тамыз

Бұл жұлдыз белгісі өкілдерінің көпшілігі үшін барлық шаруасын аяқтап, нақты қорытынды шығаратын уақыт келді. Өз сезімдеріңіз жайлы айтудан және өміріңізді өзгертуден қорықпаңыз. Мерекені керемет қарсы аласыз. Бастысы, қалған жұмыстарыңызды біртіндеп орындаңыз: мойныңызға бірден ауыр жүк алмаңыз.

Бикеш
23 тамыз – 22 қыркүйек

Қарбалас, бірақ сәтті апта болмақ. Дүйсенбі және сейсенбі күндері жаңа іс бастамаған жөн. Оның орнына ескі шаруаларды аяқтап, мерекеге дайындалуға кіріскен дұрыс. Сізден біреу көмек сұраса немесе біреуге қолдауыңыз қажет болса, бас тартпаңыз.

Таразы
23 қыркүйек – 22 қазан

Апта оқиғаларға бай және ерекше әсерлерге толы болады. Сондай-ақ, бұл аптада батыл жоспарларды орындауға мүмкіндік туады. Материалдық тұрғыда проблема болмайды. Жақындарыңызға сіздің назарыңыз қажет, сондықтан оларға уақыт бөлуді ұмытпаңыз.

Сарышаян
23 қазан – 21 қараша

Жұлдыздар қазір сізге тек маңызды және кейінге шегеруге болмайтын істерге ғана зейін қоюды ұсынады. Қазір тәуекелді және көп қаражат қажет ететін істерден бас тартыңыз. Апта ортасында қызықты кездесулер мен жағымды тосынсыйлар күтіледі.

Мерген
22 қараша – 21 желтоқсан

Көпшілік Мерген үшін апта сәтті болмақ. Алайда өзіңіздің зияткерлік қабілеттеріңізді көрсетіңіз. Жұмыстың бәрін жалғыз орындауға тырыспаңыз, әріптестеріңіздің көмегін қабыл алыңыз. Үйдегі көңіл күй жылы әрі шуақты болады. Сондай-ақ бұл апта тұрмыстық техника сатып алуға қолайлы.

Тауешкі
22 желтоқсан – 20 қаңтар

Бұл аптада көпшілік проблемаларыңыз өздігінен шешіле бастайды. Жағымды оқиғалар, романтикалық кездесулер және достарыңызбен кездесулер: мұндай қарбалас сәт сізге ұнайды және құлшыныс сыйлайды. Бұл кезеңде болашақта жақсы табыс әкелетін жұмыс сұрақтарын шешуге мүмкіндік туады.

Суқұйғыш
21 қаңтар – 18 ақпан

Суқұйғыштардың өмірі жылдам әрі күтпеген жерден өзгеруі мүмкін. Әр нәрсенің екі жағы бар. Өзгерістің қандай болғанына қарамастан, шыдамдылық білдіріп, сәл күтіңіз. Асығыстық - 2022 жылдың соңындағы Суқұйғыштардың жауы. Жаңа идеяларды жүзеге асыруды уақытша тоқтата тұрып, назарыңызды аяқталмаған істерге аударыңыз.

 Балықтар
19 ақпан – 19 наурыз

Жағымды қарбаласқа толы апта. Сізді қызықты адамдармен кездесулер күтіп тұр. Жұмыста ұқыптылық пен сабырлық секілді қабілеттер қажет болады. Бұл апта шоппинг жасауға қолайлы. Көпшілік Балықтарда қосымша табыс табуға мүмкіндік туады.

А. Жапатова