- Негізгі бет
- Жаднама
- Топтама: Компьютер жұмыс...
Топтама: Компьютер жұмыс үстелін ұйымдастыруға арналған 5 фон
Адамның өнімді жұмыс істеуіне десктоптағы файлдардың орналасу реті де әсер етеді. Massaget порталы компьютер жұмыс үстелін ұйымдастыруға арналған 5 фонды топтастырды.
Бұл фонның авторы – журналист Марғұлан Ақан. Фондағы бөлімдер адамның түсті қабылдауына қарай жасалған.
"Күн өткен сайын "план" деген бөлімде тұратын папкалар көбейіп, "процесс" пен "финалға" жәутеңдеп қарай беремін. Анау сары түске жетуге асығасың. Бәлкім іштей өзіңді қамшылау деген де осы шығар.
Қара түс – кез келген дүниенің түнегі ғой. Ештеңе болмайтындай, бітпейтіндей болып тұрады. Қара-көк – процесс. Яғни қараны да бояп, бірдеңе істеуге болатынын көру, соған сену. Ал сары – психологиялық тұрғыда да жақсы түс. Көңіл көтереді. Бір іс тындырғандай боласың", - дейді автор.
Ал бұл фонды копирайтер Данияр Жігітбек 4 категорияға қарай пайдалануға кеңес береді.
"4 түс – 4 категория. Папкаларды категориясына қарай орналастыру керек. Мысалы, жұмысқа қатысты папкалар қызыл аймақта, фото сақталған папкалар жасыл аймақта, оқитын кітаптарың сары аймақта тұрса, ыңғайлы емес пе?", - дейді ол.
Күн сайын ондаған жаңа файл пайда болған сайын жеке папка қайда қалғанын немесе шимай-шатпақты қайда қойғаныңды ұмытып қалу қиын емес. Сондықтан бұл фон шығармашылық адамына арналған.
Ал бұл фон кеңсе қызметкеріне өте ыңғайлы болуы мүмкін. Әсіресе, үшінші бағандағы бес жұмыс күніне арналған бөлімдер жоспармен жұмыс істеуге көмектеседі.
Бұл – Massaget порталы дайындаған әмбебап фон. Қолданушы әр бағанды өз қалауына қарай қолдана алады.
Барлық фонның сапалы нұсқасын біздің Telegram-каналдан жүктеп алыңыз.
Massaget.kz