Шыдамдылық – ең жақсы қасиеттердің бірі. Ең шыдамды жұлдыз белгілері кімдер? Бұл туралы тәжірибелі психоастролог Индира Садыкова өзінің инстаграм парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
5. Торпақ
Торпақтар жұмыста қатты қысымға түссе де, бәріне шыдайды. Олар отбасыны сақтау үшін жайлы болмаса да, ерлі-зайыптылық қарым-қатынасқа шыдайды. Достарына да шыдайды: жағдайға қарай бірде шындықты айтады, бірде сыйластық танытып, үндемейді. Бұл шыдамдылық жағынан алтын жұлдыз белгі. Алайда, мұны әлсіздік деп қабылдап, олардың бұл қасиеттерін пайдаланбаңыз. Себебі торпақ ашуланса, қиын болады.
4. Сарышаян
Олардың тілдері өткір, бірақ олар өте шыдамды. Олар жанжалға шыдауы мүмкін, олар үндемей қалуы мүмкін. Олар күтеді, нақты жоспар құрып алады. Олардың шыдамдылығы қызығуға тұрарлық. Сол үшін олар төртінші орынды алады.
3. Тауешкі
Үшінші орынды тауешкілер алады. Олар еңбекке қабілетті жұлдыз белгісі. Оларға бастығы, күйеуі, әйелі тиіссе де, олар бәрін ішінде ұстайды. Олар эмоцияларын сирек көрсетеді. Бұл олардың артықшылығы, себебі олар соның арқасында өздерінің мақсаттарына жетеді. Тауешкілер - өте суық жұлдыз белгісі. Олар өздерінің эмоцияларын шығара бермейді.
2. Таразы
Екінші орында – Таразылар. Таразылар салмақты және шыдамды. Таразылар көп нәрсеге шыдамдылықпен, түсіністікпен қарайды. Олар үнемі бәрін тыңдайды және түсінеді.
1. Бикеш
Бикештер - перфекционистер. Олар бәрін жай, бірақ ұқыпты жасайды. Олар ұсақ-түйекке мән береді. Олар әрқашан өздерінің серігіне екінші мүмкіндік береді.