- Негізгі бет
- Жаднама
- Тоқты немесе Бикеш:...
Тоқты немесе Бикеш: Әйелдер арасындағы ең қылықты жұлдыз белгісі
Кей жұлдыз белгілері ақкөңіл және жылы шырайлы келеді, ал басқалары болса, көпшілікпен ұстамды сөйлеседі. Қандай жұлдыз белгілері көпшілділігімен және сыпайылығымен мақтана алады?
12. Сарышаян
Сарышаян-әйелдер көп қырлы, құштар, қызба, эмоционалды келеді. Олар турашыл және өткір сөйлейді. Бұл белгі өкілдерінің көпшілігі кек ұстап қалады және қателіктерді кешірмейді. Сондай-ақ Сарышаяндар мақтаншақ және олар өз мақсаттарына жету үшін басқалардың пікірімен санаса бермейді.
11. Тауешкі
Тауешкі белгісіне жататын қыздар адамдарға ашылғанды ұнатпайды. Олар тұйық келеді, басқалардан алшақ жүреді және бәрін ішіне сақтайды. Өзінің шынайы эмоцияларын ең жақын адамдарына ғана көрсетеді. Олар үшін мейірімділік тансық нәрсе емес, дегенмен де сіз қатты және мақсатқа ұмтылған адаммен кездесесіз.
10. Тоқты
Тоқтының мейірімділігін оның албырттығы азайтып жібереді. Ол әдейі ауыртпайды, бірақ оның ойланбай айтылған өткір сөзі ренжітуі мүмкін. Тоқты-әйелдің билеп-төстеушілігі және өктемшілігі ол туралы дұрыс емес алғашқы әсер беруі мүмкін. Артық сөз айтып қойып, бірақ кейін сол үшін өкіну — бұл белгі өкілдері үшін қарапайым нәрсе.
9. Бикеш
Бикештер эмоцияларына жандылық жетіспейді. Олар адамдармен сөйлескен кезде жиі суық көрінеді. Оның себебі Бикеш-қыздар айтатын сөздерін ішінен алдын ала ойластырып, әңгіменің қай жаққа қарай дамитынына болжам жасап тастайды. Олардың ақыл-ой жүйесі осындай аналитикалық. Олар үнемі талдау жасап отырады. Оған олардың үзілді-кесілді мінезін қосыңыз: олар араласатын адамдарының арасынан сізді алып тастаймын десе, басқа амал жоқ.
8. Егіздер
Егіздер — жақсы әңгімелесуші: олар шыдамды тыңдай да алады, көп қызықты оқиғаларды айтып та бере алады. Бұл ең көпшіл жұлдыз белгілері. Бірақ олар да шаршайды, сол кезде оларға өз-өздерімен қалуға уақыт керек. Егер Егіздердің энергиясы аз болса, олар оны сыпайылылыққа жұмсамайды. Бұл кезде олар өздерін салқын ұстайды.
7. Арыстан
Арыстан-әйел — өз басымдығын көрсетуге бейім туа біткен басшы. Олар әдетте, атаққұмар келеді және жетістіктерге жетуге көп уақытын жұмсайды. Бірақ ол өзін жақындарымен сүйкімді ұстайды. Олар өте қамқор бола алады. Бірақ егер олардың жақындарына қауіп төнсе, Арыстандар аңдар патшасы кім екенін көрсетеді.
6. Шаян
Шаяндар шексіз сенетін жақындарына ғана жылы қарайды. Ал қалғандарымен олар бейтараптық сақтайды және сыпайы, бірақ ұстамды сөйлеседі. Бірақ егер Шаяндардың сеніміне кірсеңіз, олардан асқан жылы жүзді және шынайы адам таппайсыз.
5. Балықтар
Балық-әйелдер қасында бәрін шешетін мықты қорғаушы болғанын қалайды. Сезімтал және жаны нәзік Балықтар өзіне айтылған қатты сөзге ренжіп қалады және ұзаққа дейін әңгімелесу кезіндегі барлық детальдарды ойлап отырады. Олар ренжігіш, бірақ кекшіл емес. Оған аяныш білдіріп, оны құшақтап, қорғағыңыз келеді.
4. Мерген
Мерген, сөзсіз, мейірімді және ықыласты. Ол — компанияның жаны, онымен араласу жеңіл және олар өте сүйкімді. Бұл белгімен туылған әйелдердің қалтқысыз әділеттілік сезімі олардың өтірікші және екі жүзді адамдармен сыпайы сөйлесуіне жол бермейді. Егер Мерген біреуге жаман қараса, ол сондай қатынасқа лайық болғаны.
3. Суқұйғыш
Суқұйғыш-әйелдер адамдарды шынайы жақсы көреді. Олар көбірек шулы компаниялар мен кештерді ұнатады. Олар бір-бірлеріне ұқсамайтын әртүрлі адамдармен араласқанды жақсы көреді. Олар сүйкімді келеді. Жалпы, олар туралы көбі «қылықтары тәтті» деп айтады. Бірақ сондай-ақ Суқұйғыштар айналасындағы адамдарға талғампаз келеді және компромиске бармайды.
2. Торпақ
Сенгіш оптимистер. Олар тез сеніп қалады және адамдардың тек жақсы жағын көргісі келеді. Олардың бұл қасиеті өздеріне кесірін тигізуі мүмкін. Сондықтан әр нәрсеге сене бермей, кейде айналаңызға басқаша көзбен қарауға тырысу керек. Олар өте жылы шырайлы. Ең қылықты әйелдер рейтингісінің екінші орнын Торпақтарға береміз.
1. Таразы
Ең қылықты жұлдыз белгісі қандай? Әрине, ол — Таразылар. Олар кез келген адаммен тез тіл табысады, тіпті, танымайтын адамның да тілін таба алады. Сыпайы және жарқын жүзді Таразылар осы рейтингті жеңуге лайық.
А. Жапатова