Қалыпты адам жастыққа басы тигеннен соң 30 минут ішінде ұйықтап кету керек екен. Кей адамдар түнде ұйықтай алмай, ары-бері дөңбекшіп ұзақ жатады. Бұл да өз алдына бір дерт секілді. Ондай жағдайда не істеу қажет?
Бұл қарапайым техника 4-7-8 деп аталады. Өзіңізге ыңғайлы бағытта жатыңыз. 4 секунд бойы мұрынмен демалыңыз. Деміңізді 7 секунд ұстап тұрыңыз. Ауызбен 8 секунд аралығында демалыңыз. Дәл осы жаттығуды ұйықтап кеткенше қайталаңыз.
Әдістің тиімді жақтары
Гарвард университетінің дәрігері Эндрю Вайль (Andrew Weil) дәрістерінің бірінде осы жаттығу туралы және тез ұйықтап кетуге арналған ең тиімді тәсілдер жөнінде айтты. Шын мәнінде, бұл респираторлық жүйе табиғи седативті болып табылады.
Осындай циклдық ырғақта тыныс алу жүйке жүйесін тыныштандырады. Бұл ежелгі әдісті үнді йогтары ең жайлы жағдайға жету үшін медитацияда қолданған. Оны тез ұйықтап кету үшін ғана емес, сонымен қатар тыныштандыру қажет болған кезде де пайдаланған.