- Негізгі бет
- Жаднама
- Тез арықтауға ықпал...
Тез арықтауға ықпал ететін 5 тағам
Сапалы және тиімді арықтау үшін тамақтан бас тарта алмайсыз, тек диета мен порция мөлшерін қайта қарау керек. "Дұрыс" өнімдердің пайдасына таңдау жасағаннан кейін аш болмай, артық салмақтан құтылуға болады.
Сондықтан eatthis жазған таңғы асқа арналған 5 тағамды ұсынамыз.
Лосось (албырт) және авокадо
Иә, мұндай таңғы ас қымбат, бірақ салмақ жоғалту үшін өте тиімді.
Лососьты қымбат десеңіз оның орынан майшабақ таңдауға болады. Бұл балықтың құрамында омега-3 май қышқылдары және жеткілікті ақуыз бар.
Бірақ авокадоға балама жоқ. Ғалымдар адамдардың жарты авокадо жеген кезде, үш сағат бойы қайтадан тамақ жеуге құштарлығы 40%-ға төмендейтінін дәлелдеген.
Жержаңғақ қосылған сұлы жармасы
Америкалықтардығ зерттеуі таңғы асқа сұлы ботқасын жегеннен кейін зиянды ас (мысалы, фаст-фуд) жеуге және жеңіл тамақ ішуге деген ұмтылыс айтарлықтай төмендейтінін көрсетті.
Диетологтардың айтуынша, сұлы жармасы құрамындағы талшықтардың жоғары болуына байланысты аштық сезімін тамаша қанағаттандырады, ас қорытуды баяулатады және ұзақ уақыт тоқ қалуға мүмкіндік береді.
Сұлы жармасына екі ас қасық табиғи қантсыз жержаңғақ майын қосу сізге ақуыз мен майдың пайдалы комбинациясын береді, таңғы астан соң бір-екі сағаттан кейін печенье немесе тоқаш жей алмайсыз.
Йогурт және жидектер
Салмақ тастау үшін табиғи қантсыз йогурт және жаңа піскен жидектер таңғы асқа өте ыңғайлы. Зерттеу йогурт жейтіндердің дене салмағының индексі төмен болатынын, аз салмақ қосатынын, белі жіңішке және висцеральды майдың аз болатынын дәлелдеді.
Жидектер флавоноидтар деп аталатын пайдалы антиоксиданттарды қамтитын ақуызға бай йогуртқа тамаша сүйемелдеу болады. Зерттеушілер антиоксиданттары бар тағамдар салмақты сақтауға және семіздіктің алдын алуға көмектесетінін анықтаған.
Түрлі дәмдеуіш қосылған жұмыртқа
Зерттеуге сәйкес, жұмыртқадан жасалған таңғы ас көмірсуларға қарағанда пайдалы және салмақ жоғалтуға ықпал етеді. Таңғы асқа жұмыртқаға бірнеше тамшы ыстық соус немесе ащы дәмдеуіш қосылса, салмақ жоғалту екі есе оңай.
Зерттеушілер бір-екі шымшым қызыл бұрыш қазірдің өзінде тәбетті төмендететінін және тамақтанғаннан кейін көп калорияларды жағуға мүмкіндік беретінін анықтады.
Чиа тұқымы және көкөністер
Тез салмақ жоғалту үшін майлардың, ақуыздардың және көмірсулардың теңгерімін сақтауыңыз керек және талшықты тұтынуды көбейтуіңіз керек. Бұл барлық диетологтар есте сақтауды сұрайтын ереже.
Journal of Nutrition журналында жарияланған зерттеу диеталық талшықты тәулігіне небәрі 4 грамға көбейту арқылы сіз диетаңызды өзгертпесеңіз де, алты айда 2 келі салмақ жоғалтуға болатынын көрсетті.
Таңғы асқа бір ас қасық чиа тұқымын жеу пайдалы. Оның құрамында 5 г-ға дейін талшық бар.
Бірақ шикі тұқымдарды шайнаудың қажеті жоқ. Оларды айранға немесе йогуртқа қосыңыз, тіпті жақсырақ - чианы кез келген көкөніске қоссаңыз болады. Бұл өнім дәрумендерге, минералдарға, антиоксиданттарға бай.
А. Оралқызы