- Негізгі бет
- Жаднама
- Терапевт қыста Күннің...
Терапевт қыста Күннің ағзадағы D дәруменіне қалай әсер ететінін айтты
Қыста адамға қанша Күн сәулесі қажет және оның жетіспеушілігін қалай толтыруға болады? Күн сәулесінің жетіспеушілігі денеге қалай зиян тигізеді, ал қыс айларында Күн сәулесі денсаулық үшін соншалықты маңызды ма? Осы сияқты маңызды сұрақтарға терапевт Елена Черненко жауап берді.
«Күн сәулесінің аз түсуі D дәруменіне және көңіл-күйдің нашарлауына әсер етеді. Сонымен бірге адамдарда Күн сәулесінің жетіспеушілігінен қуаныш гормоны – серотонин өндірісі төмендейді», - дейді терапевт Елена Черненко.
Терапевт Күн сәулесі қыста аз түсетіндіктен ағзада D дәрумені өндірілмейтінін айтады. Сондықтан қыс айларында Dдәруменінің басқа көздерден іздеу керек.
Неліктен ағзаға D дәрумені қажет?
«Д дәруменінің жетіспеушілігі кальцийдің ағзаға қалай сіңуіне әсер етеді – бұл әсіресе 50 жастан асқан адамдар үшін маңызды, оларда сүйек тығыздығы төмендеп, сыну қаупі артады. Олар үшін D дәруменінің профилактикалық дозаларын қабылдағаны дұрыс, одан да жақсысы, тестілеуден өтіп, жетіспесе, дәруменнің емдік дозаларын қабылдау қажет», - дейді дәрігер.
D дәрумені иммундық жүйенің жұмысына да әсер етеді
Маманның айтуынша, әлсіздік, шаршау, D дәруменінің жетіспеушілігіне байланысты болуы мүмкін.
«Ғылыми зерттеулер бар, олар D дәруменінің жетіспеушілігі созылмалы ауыру тудыратынын анықтаған. Бұл әсіресе арқадағы ауыруға қатысты.
Терапевт қатаң түрде дәрігердің ұсынысы бойынша D дәруменінің орнын толтыратын дәірілер ішу керек екенін ескертеді.
А. Оралқызы