Терапевт алақанға қарап бауыр ауруы белгілерін анықтау жолын айтты

Терапевт алақанға қарап бауыр ауруы белгілерін анықтау жолын айтты
Фото: nastroy.ne

Біздің бауырымыз майлы тағамдардан, қанттан, қабылданған дәрілерден және жаман әдеттерден зардап шегеді. Бірақ, бауыр ауырса да белгі бермейтін ағза. Аурудың белгісі тек соңғы сатысында ғана анықталады.

Бауыр – біздің ағзадағы ең үлкен мүшелердің бірі. Оны дененің негізгі сүзгісі деп бекер айтпайды. Бауыр – қанды қалдықтардан тазартады.

Ең жиі кездесетін және аса қауіпті аурулардың бірі – бауыр циррозы. Бұл қайтымсыз прогрессивті зақымдану.

«Әдетте цирроз созылмалы токсикалық, инфекциялық немесе зат алмасу бұзылыстар кезінде пайда болады. Бастапқы кезеңде оны консервативті түрде емдейді, дәрігерлер бауырдағы өзгерістерді бәсеңдетуге тырысады, ал дамыған жағдайларда трансплантация жасалады», - дейді терапевт Вера Самсонова.

Бұл ауру кейде өте басқа белгілермен көрінеді. Сонымен, оның бірі – алақанның қызаруы.

Тағы бір белгісі – алақандағы тамырлы тордың пайда болуы. Олар қар белгісі немес жұлдызға ұқсайды. Жұлдызды өрнектер әдетте анық көрінеді.

Алақан қызарса, бұл капиллярлардың – кішкентай қан тамырларының кеңейгенін білдіреді.

Бауырдың ауырып жатқанын тағы қалай түсінуге болады:

• теріңіз немесе көз ағы сарғаяды;

• әлсіздік;

• нәжіс бозарып, зәр қара түсті болады;

• дененің ісуі;

• сирек жағдайларда іштің жоғарғы бөлігінде ауырсыну сезімі.

Айта кетейік, бұған дейін «Бауыр не үшін ауырады?» мақаламызда бауыр аурулары және оның себептерін жазған едік.

Т. Раушанұлы