Темекінің денсаулыққа зиян екендігін барлығы біледі, бірақ оны тастаған кездегі жақсы нәтижеге көбісі сене бермейді. Ол темекі тастаудың қиынға түсуінің бір себебі. Егер темекіні қазір тастасаңыз, сізге не болатынын оқыңыз. - 20 минуттан соң артериялық қысымыңыз қалыпқа келеді. - 8 сағаттан соң тұншықтырғыш газ деңгейі екі есеге азаяды, ал оттек деңгейі қалыпқа келеді. - 48 сағаттан соң жүрек ұстамасы қаупі төмендейді. Ағзадан никотин толықтай шығады, иіс пен дәм қабылдауыңыз қалпына келеді. - 72 сағаттан соң бронх кеңейеді, дем алу көлемі үлкейеді. - 2 аптадан соң және одан кейінгі 10 апта бойы қан айналым жақсарады. - 3-9 айдан соң таңғы жөтел жоғалады, өкпенің өмірлік сиымдылығы 10%-ға артылады. - Бір жылдан соң жүрек ұстамасының болу қаупі екі есеге азаяды. - 5 жылдан соң инсульт алу қаупі темекі тартпайтын адамның жағдайына жақындайды. - 10 жылдан соң өкпе рагының даму қаупі темекі тартпайтын адамның жағдайына жақындайды. - 15 жылдан соң жүрек ұстамасы қаупі темекі тартпайтын адамның қаупіне оралады.