"Тазалық - саулық негізі". Назарларыңызға тазалыққа қатысты 9 кеңесті ұсынамыз.
1. Сүрткішті кеңсе қысқышымен кептіріңіз
Егер шүберегіңіз бен сүрткішіңізге ыңғайлы сабыңыз болмаса, қарапайым кеңсе қысқышын пайдалануыңызға болады. Өзіңіз ыңғайлы деп тапқан жеріне қыстырып, оны қолданып біткеннен кейін қыстыра салыңыз.
2. Сүрткіштегі бактериялардан құтылғыңыз келсе, оны микротолқынды пешіңізге қойыңыз.
Сүрткішіңізді жуып-шайғаннан кейін де тазалығына күмәніңіз болса, микротолқынды пешіңізге бір-екі минутқа салып қойыңыз. Осы арқылы бактерияларды өлтіресіз. Бірақ есіңізде болсын, маталлдан жасалған сабы бар сүрткішті бұлай тазалауға болмайды.
3. Тазалауға арналған құралдарды оңай табатын жерге қойыңыз.
Егер тазалау құралы көз алдыңызда тұратын болса, оны алып, әрдайым тазалық сақтауға мүмкіндігіңіз болады. Артық минутыңыз болғанда лас плитаны қолыңыз жетіп тұрған жерден сүрткішті алып, тазалай салыңыз. Бар болғаны 60 секундыңызды жұмсаймсыз. Көшеден келгеніңізде аяқ киіміңіз топырақ болса қолыңыз жетіп тұрған жерден сүрткішті ала аласыз. Үй ішін ластамау үшін дайын тұрған тазалау құралын сол жерде-ақ пайдалана аласыз.
4. Үйіңіздің кіреберісіне қорап немесе себет қойыңыз
Үйіңізге кіріп келіп, күртеңіздің қалтасынан қажет емес заттарды шығарып жатқаныңызда шағын заттарды сөреге шаша салмай, осы қорапқа немесе себетке сала аласыз. Апта сайын осы жиынды бір тазалап, қажет емесін қоқысқа тастауыңызға да оңай болады.
5. Микротолқынды пешіңізді тазалау үшін сірке суын салып, қыздырыңыз
Микротолқынды пеш – асханаңыздағы көмекшіңіз. Бірақ тамақты қыздыру барысында оның ішкі бөлігіне сорпасы мен суы шашырауы мүмкін, ал сосын оны тазалау қиынға соғады. Сізге осы кезде сірке суы көмекке келеді. Бір шыныаяқ сірке суын микротолқынды пешіңізге салыңыз да, оны 3-4 минутқа қосыңыз. Бұдан кейін аппараттың ішін шүберекпен сүртіп шығыңыз.
6. Асханадағы шкафтарыңыздың үстіне газет немесе пленка жайып қойыңыз
Асханада барлық жиһаздың үстіне май жиналады. Әсіресе шкафтар мен сөрелер. Олардың үстіне газет жабыңыз, ал ас пленкасын пайдалансаңыз одан да жақсы: тазалық жұмыстарын жүргізгеніңізде кір мен майды сүртіп, уақытыңызды жоғалтпайсыз.
7. Жуыну бөлмесіндегі су ағызу құралын да сірке суымен тазалаңыз
Сірке суы микротолқынды пешіңізді ғана емес, жуыну бөлмесіндегі су ағызу құралын тазалауда да пайдалана аласыз. Бұл құралды уақыт өте келе тат басады, ал оны кетіру оңай емес. Полиэтиленге сірке суын құйып, онда су ағызарды салыңыз, осыдан кейін бетін рәзеңкемен буып қоясыз. Бірнеше сағат өткенде шүберекпен сүртесіз.
8. Кеданы тазалауға тіс пастасын қолданыңыз
Кедаңызды мен сияқты жақсы көрсеңіз, олардың тез кірлеп кететінін жақсы білетін шығарсыз. Себебі оның табаны ақ немесе ашық сұр болады, ал біз тұрып жатқан елде кейбір мемлекеттердегідей жолды сабынмен жумайды. Ескі тіс щеткасын алып, тіс пастасын кедаңызға жағыңыз да, тазалап көріңіз. Аяқтағаннан кейін кедаңызды дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
9. Киімдегі майлы дақтарды ыдыс жуу құралымен кетіріңіз
Ыдыс жууға арналған құралдардың жарнамасын көрген шығарсыз. Х құралы тіпті суық суда да майды кетіреді... деп жатады. Құралды өзінің тікелей міндеті бойынша қолданып, киімдегі май дақтарын кетіріп көріңіз.
Ал сіз тазалыққа қатысты қандай амал білесіз?
Дереккөз: bilim-all.kz