Таза немесе астан-кестең: Жұлдыз белгілері үй шаруашылығын қалай басқарады?

Таза немесе астан-кестең: Жұлдыз белгілері үй шаруашылығын қалай басқарады?
Фото: create.vista.com

Бүгін біздің сиқырлы шарымыз сенің басты құпияңды ашады. Үйіңде не болып жатыр? Бәрі ретімен жиналып тұра ма әлде шашылып жата ма?

Тауешкі
Тауешкі-әйелдер өте ұйымшыл. Оның үйінде қабырғада күнделікті және маусымдық үй шаруаларының кестесі ілініп тұрады. Ол соларды орындауды жақсылап бақылайды. Мүмкіндігі болса, оның, тіпті, үй қызметшісі болады.

Суқұйғыш
Суқұйғыш-әйелдер өзін артық қинамайды және үй шарушылығында «бір жөні болар» принципін ұстанады. Бір қызығы, шынымен де оның үй шаруашылығындағы жағдайы жаман емес: тазалық та, тамақ та орнымен дайын болады. Ал егер ол қалағандай болмаса, бұл сіз ойлағандай шашылу емес, шығармашылық ретсіздік.

Балықтар
Балықтар бәрін махаббатпен істейді. Махаббатпен үй жинайды, махаббатпен торт пісіреді, махаббатпен гүл таратады, жаңа креслоны махаббатпен таңдайды және өзінің әдемі туфлилерін сөрелерге махаббатпен қойып шығады. Махаббатсыз ол орнынан қозғалмайды.

Тоқты
Тоқты-әйелдер шұлықтарды реттеуден бастап бұзылған кранды жөндеуге дейінгі тұрмыстық проблеманы қалай шешу керегін біледі. Бірақ, бастысы, ол бұлардың бәрін кімге тапсыру керегін біледі. Ол еңбекті орынды бөле алады.

Торпақ
Торпақ-әйелде мультипісіргіш, робот-шаңсорғыш, блендер секілді барлық заманауи гаджеттер бар. Бірақ ол оларды сирек қолданады.

Егіздер
Егіздер аяқ асты және ешкімге ескертпей үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жасап жібере алады.

Шаян
Шаян-әйел еңбек ерлігіне әрқашан дайын. Оның «аппақ» табаларына айнаға секілді қарауға болады, оның үтіктелген киімдерінен лаванданың иісі аңқып тұрады, ал түскі асқа тамақты мәзір бойынша таңдауды ұсынады. Бірақ олар үшін осының барлығын бағалайтын адам керек. Ал егер ондай адам болмаса, бұлай еңбектенудің еш мәні жоқ.

Арыстан
Егер Арыстан үй жинауға кіріссе, бәрін зарарсыздандыруға дейін барады. Егер кешкі асқа кіріссе, қонақтарға ерекше ас дайын. Бірақ ол шақыратын қонақтар тізіміне тап болу қиын.

Бикеш
Бикеш үй ханшайымының екі күйі бар. Белсенді фазада ол үйдің төбесін жуып кетуге дейін барады. Ал пассив кезінде ол шашылып жатқан үйге қарап еш кінә сезінбей жүре бере алады.

Таразы
Таразылар сөрелерден шаң тауып алса немесе жуылмаған ыдысты көрсе, олар шын таңғалады. Сол үшін көңілдері түседі. Сондықтан айына бір рет арнайы киімі мен қолғабын киіп, ең улы химиямен болсын барлық ластықты жылдам кетіруге кіріседі.

Сарышаян
Сарышаян ластықты жек көреді. Ол үйді шабытпен тазартады. Бірақ ол жинаған үйді шашсаңыз, өзіңізге жау тілеп алдым дей беріңіз.

Мерген
Мергендер өмірде үй шаруашылығынан басқа көптеген жағымды істер барына сенімді. Сондықтан олар оған бағалы уақытын жұмсамайды. Еден немесе ыдыс жуу деген сияқты жағымсыз міндеттерді мойнына алатын біреу әрқашан табылады.

А. Жапатова