- Негізгі бет
- Жаднама
- Таза алтынды қалай...
Таза алтынды қалай тексеруге болады?
Расында да кейде алтынды ажырата алмайтын адамдар жиі алданып жатады. Осы орайда біз мынадай кеңестерді ұсынамыз.
► Үлкейткіш шынымен (лупа) бұйымның ішкі-сыртқы жағын тексеріңіз. Онда бұйымды шығарушының арнайы белгілері анық білініп тұруы тиіс. Бұйым біркелкі түсті ме, шет-шетінде түссізденген, «жамалған» жері жоқ па, алтын жалатылған темір емес пе, сол жағына мұқият зер салыңыз.
► Магнит қолданыңыз, тартылса, бұйымда темір көп, алтын жалатылған болуы мүмкін. Дегенмен, аллюминий, қола, мыс та магнитке тартылмайтынын ұмытпаңыз. Сондықтан алтынның тазалығын анықтауға бұдан басқа әдіс іздестіріңіз.
► Алтын бұйым жерге құласа хрустальдікіне ұқсас дыбыс шығарады.
► Шыныға, әйнекке алтын бұйыммен сызық түсіріп көріңіз. Егер бұйым таза алтын болса, ол із түсіре алмайды, себебі алтын шыныдан жұмсақ.
► Әшекей бұйыммен гламурланбаған фарфорға сызық түсіріп көріңіз, алтыннан сары түсті із қалады, басқа құймалар қара түсті із қалдырады.
► Алтынға йод тамызса, ол қарайған із қалдырады. Латунь, жез, мыстан із қалмайды. (Есте сақтар нәрсе – жоғары сапалы алтынның йодпен әсерге түсуі қиын, сондықтан алтынның тазалығын мұндай тәсілмен тексеру әрқашан оңды нәтиже бере бермейді). 583, 585 сынамалы алтын бұйымдарды йодтан аулақ ұстаған жөн, әйтпесе бүлінуі мүмкін.
► Сірке суын (уксус) қолданыңыз. Бұйымды уксусқа жарты сағатқа батырып қойсаңыз, оның түсі өзгереді, Өзгермесе, бұйым таза емес.
► Ляпис қарындашын аздап ылғалданған бұйымға жақсаңыз, жұқпайды. Ал егер ол жез болса, қара нүкте қалдырады.
► Алтынды тістеп көрген ештеңе шешпейді. Өйткені алтын жұмсақ болғанымен қорғасын одан да жұмсақ. Дұрысы, көзге шалынбайтын тұсын сызып көріңіз, алтын жалатылған қандай да бір металл болса, көрініп қалады.
► Қара нанға алтынды батырып, нығыздап қойсаңыз, кейін кептірген кезде дақ қалмауы керек. Ал егер жасылдау түсті дақтар қалса, онда алтын бұйым таза емес деген сөз.
... Ең дұрысы – алтын бұйымды үйіңіздің маңындағы ломбард мамандарына тексертіп алу. Олар алтыныңыздың сынамасы мен жасап шығарылған еліне дейін дөп басып тауып бере алады.
Дереккөз: zamana.kz
О. Сансызбай