- Негізгі бет
- Жаднама
- Танысу немесе таныстыру...
Танысу немесе таныстыру әдебі
Жаңа ортамен танысу немесе жақын жандарыңызды досыңызбен, өз ортаңыздағы адамдармен таныстыру бәріміздің басымыздан өткен. Танысу мәдениетін бүгінде көпшілігі білгенімен, таныстыруда қателік жіберетіндер бар. Таныстыру үшін алдын-ала дайындық керек. Себебі әртүрлі орта болады. Сіздің досыңыздың мамандығы мен саласы, сіз таныстырғалы отырған ортамен аздап болсын байланыс болмаса, қиындық туындауы мүмкін. Досыңыз бір бұрышта жеке өзімен қалып қалмас үшін таныстыратын жандар жөнінде шет жағасын айтып, олар жөнінде азын-аулақ ақпарат беріп қойған артық етпес.
• Жасы қатар адамдарды таныстырарда арадағы адам: «Таныстыруға рұқсат етіңіздер» немесе «Танысып қойыңыздар» дейді де әрқайсысының аты-жөнін айтып шығады.
• Қызмет бабында әркім өзі танысса, әдетте тегін ғана айтады. Ал жұмыстағы дәрежесі жоғары адамдарға қызметін айтып таныстырады. Мысалы, біздің бас инженеріміз... Сонымен қатар жаңа кеңсеге келген кезде сол жердің қалыптасқан ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтауға тырысу керек. Басқалардың қағазына көз жүгіртудің қажеті жоқ және басқа бөлмеге есікті қақпай кіруге болмайды.
• Бөлмеге кірген адам отырғандарды толық танымаса да әуелі амандасып, одан соң өзінің аты-жөнін айтады.
• Үлкендерді өзінен жасы кіші кісімен таныстырмайды. Әуелі ол кісілермен амандасып, артынан жылы лебізбен танысыңызды таныстырасыз. Яғни негізгі ереже бойынша жасы кішілерді үлкендерге таныстырады.
• Үйге келген қонақтарды ереже бойынша отағасы таныстырады. Егер де үстел басында отағасы болмай қалған жағдайда қызметті әйелі өз қолына алады. Егер қажет кезде ол да болмай қалса, бұл міндетті жақын туысы немесе досы өз мойнына алуы керек.
• Жеке адамды топ адамға, көпшілікке таныстырады. Мысалы, жаңадан келген мұғалімді – сыныпқа, лекторды – аудиторияға, т.б.