- Негізгі бет
- Жаднама
- Таңғы ас ішпесе...
Таңғы ас ішпесе ағзаға не болады?
Кейбір адамдар артық салмақтан арылу мақсатында, уақыт тапшылығынан немесе тәбеттің болмауынан таңғы ас ішпей жүре береді. Алайда таңғы ас - ең маңызды тамақтану кезі. Жиі таңғы ас ішпеу ағзаға қалай әсер етуі мүмкін?
Метаболизм баяулайды
Тамақты қаншалықты жиі жесеңіз, зат алмасу соншалықты жылдам жұмыс істейді. Сол үшін де арықтау бойынша мамандар аз-аздан, бірақ күніне 5-6 рет тамақ ішуді ұсынады. Сол секілді, керісінше, тамақты қаншалықты сирек жесеңіз, соншалықты метаболизм баяу жұмыс істейді. Сол үшін таңғы ас ішпеу арқылы арықтамайсыз, керісінше салмақ қосып алуыңыз мүмкін.
Қандағы қант деңгейі бірден өзгереді
Дұрыс толыққанды таңғы ас қандағы қант деңгейін тұрақтандырады. Ал таңғы ас ішпеу, керісінше, қант деңгейінің бірден өзгеруіне әкеледі. Соның салдарынан, диабеттің даму қаупі артады.
Иммунитет әлсірейді
Пайдалы таңғы ас дұрыс иммунды жауаптың болуына ықпал етеді. Ал таңғы ассыз жүру ағзаны әлсіретіп жіберуі мүмкін.
Шаш түсе бастауы мүмкін
Адам таңғы ас уақытында жеткілікті мөлшерде ақуыз жемесе, бұл ағзаның кератин (шаш пен тырнаққа арналған құрылыс материалы) бөлуін шектейді.
Кешкі аста тамақ көп жеп қоюыңыз мүмкін
Әдетте, таңғы ас ішпейтін адамдар кешкі аста көп тамақтанады. Ал кеш тамақтану немесе кешкі аста көп тамақ жеу астың дұрыс қорытылмауына, ұйқының бұзылуына және артық салмақ қосып алуға ықпал етуі мүмкін.
А. Жапатова