Таңертең оянғанда, өзіңнен: «Не істеуім қажет?» деп сұра...

Таңертең оянғанда, өзіңнен: «Не істеуім қажет?» деп сұра...

Қиналып кеткен, жан азаптанған сәттерде осы бір тұмардай сөздерге назар аударыңыз. Және қабырғаға іліп қойсаңыз болғаны...

* * * *

1)  Өзгелер қаламаған істі бүгін істе, өзгелер қалаған өмірді ертең сүресің.

2) Егер қиындықты шешуге болатын болса, онда ол жайында уайымдаудың қажеті жоқ. Ал егер қиындық шешілмейтін болса, онда ол жайында уайым жеу мағынасыздық болар еді. © Далай Лама

3)  Тіпті, сіз өте талантты болып және бар күшіңізді сарқа бір іске жұмылдырып жатсаңыз да, кейбір жетістіктер үшін уақыт қажет-ақ: қазір, тіпті, тоғыз әйелдің аяғы ауыр болсын, бәрібір де бір айдан соң бала туып бере алмайды. © Уоррен Баффет

4) Әр адамның есігін жылына бір рет келіп Бақ қағады, оның сол дыбысты ести қоюы екіталай. © Марк Твен

5) Біздерге ең басты жетіспейтін нәрсе - бұдан қайран болмас деп бірден қолды сілтей саламыз. Жетістікке жетудің дұрыс жолы - әр уақытта қайта-қайта байқап көру. © Томас Эдисон

6) Жеке басым кілегей қосылған қойбүлдіргенді жақсы көремін, бірақ, балық бәріне қарамастан, шұбалшаңды ұнатады. Міне, сондықтан да әр жолы балыққа шыққанда, өзім жақсы көретін нәрсені ойлаудың орнына, балық жақсы көретін нәрсені ойлап барамын. © Дейл Карнеги

7) Таңертең оянғанда, өзіңнен: «Не істеуім қажет?» деп, кешке, жатар алдында: «Мен не бітірдім?» деп сұра. © Пифагор

8) Байғұс, жолы болмағыш, бақытсыз және дені сау емес адам, ол -"Ертең" деген сөзді көп пайдаланатын адам. © Роберт Кийосаки

9) Қарттар жағы үнемі жастарға ақша үнемдеу керектігін айтып жатады. Ал менің айтатыным, үнемдемеңдер. Нашар кеңес. Өзіңізге жұмсаңыз, салыңыз. Мен өз өмірімде қырық жасқа жеткенше, доллардың өзін үнемдеп көрмек емеспін. © Генри Форд

10) Менің қалауым. Ендеше, орындалады. © Генри Форд

11) Мен жеңіліске ұшыраған жоқпын. Мен жай ғана іске аспайтын 10 000 әдісін таптым. © Томас Эдисон

12) Ауыр жұмыс — жасауыңыз керек болған, бірақ, сол күйі жасалмай қалып келген жеңіл жұмыстардың жиынтығы. © Джон Максвелл

13) Мен бұрын өзіме айтатынмын: «Бәрі өзгереді деп үміттенемін». Кейін барып, бәрі өзгеруі үшін бір ғана жол бар екенін түсіндім — өзім өзгеруім керек екен. © Джим Рон

14) Сабақ алған және өмір бойына жетегінде келе жатқан ақыл-ойым байқап көру, көріп білу, және тағы да байқап көруден тұратын — бірақ, ешқашан берілмеу! © Ричард Бренсон

15) Сәтсіздік — бұл жай ғана бәрін басынан бастаудың мүмкіндігі, бірақ, енді ақылға салып бастау керек деген сөз. © Генри Форд

Сурет:leadershipvoices.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига