Тамыз айының маусымдық көкөністері

Тамыз айының маусымдық көкөністері
Фото: pixabay.com

Тамыз айы – ас үй ханшайымдары үшін маңызды уақыттың бірі. Себебі тамыз айында көпшілік қысқа дайындалып, тосап қайнатып, қияр мен қызанақты тұздап жабады. Ендеше, тамыз айында қай өнімді арзан бағамен алуға болатындығына тоқталайық.

Қарбыз
Тамыз айында қарбыз алудан қорықпай-ақ қоюға болады. Тамыз – қарбызды жақсы көретіндерге арналған ең жақсы ай. Бұл айда барлық дерлік қарбыз піскен болады, сондықтан оны балаларға да күмәнсіз бере беруге болады.

Жүгері
Жүгері дүкен сөрелерінде шілде айында пайда болғанымен, оны тамыз айында арзан бағамен алуға болады. Жүгері ағзаға өте пайдалы, сондықтан оны қыста да жеу үшін мұздатқышқа қатырып қоюға болады.

Цукини
Цукини – ағзаны дәруменмен байытатын кәдінің бір түрі. Ол тамыз айында дәмдірек әрі пайдалырақ болып келеді.

Қияр және қызанақ
Тамыз айында қияр мен қызанақ еш ГМА-сыз (гендік модификацияланған ағза) болады және бағасы арзан келеді. Сондықтан тамыз айында оларды тұздап жабуға және түрлі салаттар жасауға үлгеру керек.

Болгар бұрышы
Болгар бұрышы тамыз айының ортасынан бастап бірден арзандайды, сондықтан оны мұздатқышқа қатырып қойған жөн. Себебі болгар бұрышын қатырсаңыз да, ол өзінің пайдалы қасиеттерін 80%-ға дейін жоғалтпайды.

Шабдалы (нектарин)
Көптеген балалардың жақсы көретін жемісі тамыздың басында арзандай түседі. Бұл пайдалы жемістен компот және бәліштер дайындауға болады.

А. Жапатова