Арманыңыздағы компанияға орналасу үшін тағылымдамадан өткенде не білу керек? Өзіңді қалай керек? Яндекс компаниясында тағылымдама тобын басқаратын Ульяна Егина тағылымдамадан өтушіге ең керек 7 кеңесін ұсынады.
Сұрақ қоюдан жалықпаңыз
Әріптестеріңіздің қолы бос еместей көрінсе де сұрақ қоюдан тайынбаңыз. Ал егер тапсырманы орындай алмай жатсаңыз, үнсіз қалмай, ментордан көмек сұраңыз. Білмегенді сұраудың еш сөкеттігі жоқ.
Ментормен көп сөйлесіңіз
Сізді қызықтырған барлық нәрсені ментордан біліп алыңыз. Әсіресе қолыңыздан бірдеңе келмей жатса, бірден ментордың көмегіне жүгініңіз. Қаншалықты ерте айтсаңыз, соншалықты мәселе түйіні тез шешіледі. Алғашқыда қиындықтарға душар болсаңыз, одан ұялудың қажеті жоқ. Ешкім тәжірибеден өтіп жатқан адамнан бірден идеал жұмысты талап етпейді.
Қателесуден қорықпаңыз
Ештеңе істемейтін адам ғана қателеспейді. Сіздің қатеңіз өзіңізге ұнамаса да, бәрін құрдымға жіберу әлі ерте. Әріптестеріңізден көмек сұрап, мұндайда не істеу керектігін біліп жүріңіз.
Жан-жақты ойлауға тырысыңыз
Жобаларға барынша белсенді қатысып, ірілі-ұсақ нәрсенің барлығынан хабардар болыңыз. Заманауи компанияларға бейқам орындаушылар емес, әр тапсырманың артында не тұрғанын біліп, бағамдай алатын қызметкерлер керек.
Барыңызды салыңыз
Тағылымдамаға толыққанды жұмыс деп қарау керек. Мұнда университеттегідей соңғы сәтте бәрін бітіріп тастау мүмкін емес. Жұмыста сізден тұрақты, нәтижелі жұмыс күтеді.
Кодты түсіну керек пе? Авторынан сұра
Ірі компанияда бағдарламалық кодпен жұмыс істегенде оның техникалық құжаты болмауы мүмкін. Кодты қай программист жасағанын біліп, түсіндіріп беруін өтініңіз. Ол қуана-қуана көмектеседі.
Ісіне берілген адамдармен жұмыс істеңіз
Яндекске тағылымдамаға келгендер бірге жұмыс істегісі келетін команданы таңдай алады. Өз ісіне берілген адамдарға қарай ұмтылыңыз. Мықты ментор мен тағылымдамадан өтушіге бей-жай қарамайтын әріптестер жұмысқа тез үйренуге әсер етеді.