Бұл өмірде кім-кімнің де табысты болып, өз қалауынша өмір сүргісі келеді. Анығында, бұл мүмкін. Адам жасағанды адам жасай алады. Ең бастысы – ынта мен ниет болса болғаны.
Табысты болудың құпиясы қандай? Бұл ретте біз Microsoft корпорациясының негізін қалаушылардың бірі, әлемдегі ең бай адам Билл Гейтстің кеңестеріне жүгінеміз. Ендеше, Гейтс айтқан кеңестер тізімін тізіп көрейік.
– Мен жұмысқа жалқау адамдарды аламын. Себебі олар кез келген қиын мәселені шешудің оңай жолын тез-ақ табады.
– Өз жұмысыңыздан ләззат алыңыз. Сол кезде ғана сіз өмір бойы жұмыс істемегендей сезімді бастан өткересіз.
– Жаңа іс бастау ешқашан да кеш емес.
– Сіздің аты-жөніңіз ғаламторда жоқ болса, демек сіз бизнестен тым алшақсыз.
– Егер басыңызға жақсы идея топ ете қалса, оны дереу іске асыруға талпыныңыз.
– Барлық арман орындалмайды. Мысалы мен аспаз болуды мақсат тұтқанмын. Бірақ олай болмады.
– Кез келген жобада өз мақсатыңды нақты түсінбеу, табысты болуға кедергі келтіреді.
Айта кетейік, жыл сайын Гейтс жеке меншіктегі тұрғын үйлер мен көліктеріне салық ретінде бір миллион доллар көлемінде қаражат төлейді.