Үнемі сергек жүру үшін не істеу керек? Ол үшін спортпен шұғылданыңыз, таза ауада жиі серуендеңіз және сізді қуатпен қамтамасыз ететін өнімдер жеңіз. Ендеше, тез шаршап қалатыныңызды байқап жүрсеңіз, мына өнімдерді рационыңызға қосыңыз.
1. Какао
Какао — PQQ-дің (В14 дәрумені) нағыз көзі. Ол жасушалар деңгейінде қуаттайды, ми жұмысын белсенді етеді. Какаоны таңертең ішкен дұрыс. Сондай-ақ какаода полифенолдар бар. Олар біздің жасушалар мен қан тамырларды сыртқы ортаның түрлі жағымсыз факторларының зақымдаушы әсерінен қорғайды.
2. Киви
Бұл шырынды жасыл жеміс — құрамындағы С дәруменінің мөлшері бойынша рекордшылардың бірі. Бұл дәрумен иммунды жүйе үшін өте пайдалы екенін білеміз. Ол сондай-ақ үш бақыт гормонының бірі — окситоцин синтезіне жауап беретін ферменттердің жұмысына өте қажет. Күніне 1-2 киви жеу сізге қуат береді және көңіл күйіңізді жақсартады.
3. Макадамия жаңғағы
Макадамия жаңғағының тәтті жемісі — В тобы дәрумендерінің керемет көзі. Олар зат алмасу процесін белсенді етеді, жүйке және иммунды жүйе жұмысын жақсартады және энергия өңделуіне ықпал етеді. Макадамия жаңғағы В тобы дәрумендерінен басқа жасұнықтарға бай. Оның тәуліктік нормасының шамамен 7%-ын осы жаңғақтан алуға болады. Ол ағза күш сыйлайды.
4. Теңіз өнімдері
Теңіз өнімдерін жүйелі түрде жейтін адамдар апатия, депрессия және өмірлік күштің азаюымен сирек қиналады. Оның себебі — теңіз өнімдері омега-3 майлы қышқылдарына, В12 дәруменіне және тирозинге бай. Тирозин мен ағзадағы оның туындыларының арқасында күйзеліспен күресетін дофамин мен норадреналин өңделеді. Ал В12 дәрумені мен омега-3 майлы қышқылы бақыт гормоны — серотонин синтезіне қатысады: көңіл күй, ұйқы және есте сақтау жақсарады.
5. Авокадо
Авокадода фолий қышқылының жоғары деңгейі бар. Ол депрессия туындау қаупін азайтады. Рационға авокадо қосу жалпы денсаулыққа жағымды әсер береді. Оның құрамындағы пайдалы заттар есте сақтау мен қан айналымды жақсартады, күйзеліспен күресуге көмектеседі, шаршаңқылық пен ашуланшақтықты басады. Авокадода пайдалы майлар көп болғандықтан, одан жеген соң ұзаққа дейін тойымды әрі сергек жүресіз.