Адам өмірінің жартысынан көп бөлігін жұмыс істеумен өкізеді. Бұл қазіргі бүкіл жер бетінде қалыптасып кеткен жүйе. Тек байдың отбасында дүниеге келіп, әкеңіздің ақшасына демаламын демесеңіз, бәрін басынан бастауға тура келеді. Сіздің өміріңіздің құны қанша? Сағатыңыз ше? Ай сайынғы табысыңыз 75 000 теңге деп есептейік. Оны қалыптасқан жұмыс уақытына бөлеміз. Яғни тұрақты 172 сағат. Сонда сіздің әрбір сағатыңыз 436 теңге. Ал дүкенге барып 10-15 мың теңге тұратын көйлек не киім сатып алсаңыз, ойланыңыз, қанша ақшаны далаға шашып жатсыз? Әрине адамға қажеттілік керек, бірақ қажеттілікті өтеу үшін бұл көрсеткіштен де көп тапқан жөн. Біреуге алған сыйлықты аз ақшаға алдым деп ұялмаңыз. Себебі ол сіздің қаншама сағатыңызға татитын көлемдегі сыйлыққа қол жеткізіп отыр. Сондықтан затты сапасына қарай сатып алыңыз. Мәселен алған затыңыз бағасына сай болмаса, келісіңіз. Ұялудың қажеті жоқ. Ол сіздің міндетіңізге кіреді. Алатын затыңызға, беретін сыйлығыңызға мән беріңіз. Себебі ол сіздің әрбір сағат үшін 436 теңге алып, тер төгіп алған табысыңыз. Ал қиындықпен келген табысты желге ұшыра салу оңай.