- Негізгі бет
- Жаднама
- Сіз кімсіз? ...
Сіз кімсіз?
Дәл осы мақаланы оқып отырған оқырмын, сіз кімсіз? Сіздің мақсатыңыз, өмірдегі ұстанар ұстанымыз қандай? Дәл қазір не істеп отырсыз? Сіз өзіңізге есеп бересіз бе?
Жауабы жоқ сұрақ көп. Кейбір сұрақтардың жауабы сіз жоғалып кеткенге дейін табылмайды. Бірақ бәрбір адам болғаннан кейін адамдық миссияны атқарып кету керек.
Адам өзіне «сен» емес «сіз кімсіз?» деп сұрақ қою керек. Бұл әрекетті жасау үшін көп дүние керек емес. Сіз және айна. Екеуара ұзақ диалог әлде қысқа да нұсқа әңгіме-дүкен құрыңыздар. Себебі сіз өзіңізге «сен» деген сайын бұйыра сөйлейсіз. Біреуге бағынышты болуға икемделіп тұрасыз. Сіз өзіңізді өзіңізге сыйлата білсеңіз, бұл үлкен жеңіс. Себебі адам кез келген дүниені өзінен бастамай өзгені және әлемді өзгерте алмайды. Қиын ештеңесі жоқ, кешке қарай жұмыстан кейін бір күнге қорытынды жасау үшін айнаның алдына отырыңыз. Жалғыз қалыңыз. Бөлмеде сіз және сіздің айна алдындағы сұлбаңыз ғана болсын. Өйткені шынайы әрі анық сөйлесесіздер. Айна алдындағы кейіпкерге қарап «сіз кімсіз?» деген сұрақты қойыңыз.
Бір қызығы сіз әр түн келген сайын өзіңіз жайлы түрлі ақпарат бересіз. Себебі сіз өзіңізді әлі танып білген жоқсыз. Сіз өзіңіздің қандай керемет немесе қандай ақымақ адам екеніңізді әлі мойындаған жоқсыз. Егер жұлдыз болсаңыз, жерге түсесіз. Әлсіздік танытып жүрсеңіз, жеңіске жетесіз.
Өзіңіздің кім екеніңізді білу үшін жан дүниеге ерік беріңіз. Ешкім тыңдап тұрған жоқ. Өзіңізге ұрсып алыңыз. «Менің атым Қожа» фильмі естеріңізде ме?! Дәл сол секілді өзіңізге есеп беріп қана қоймай, түзеңіз. Сізді ешкім түземейді. Себебі сізге өзіңізден басқа ешкімнің жаны ашымайды. Түсініңіз.
Сіз кімсіз, оқырман?
М. Ақан