Штрих код (ағылш. barcode, немісше. Strichcode) жуандығы мен жіңішкелігі бойынша әртүрлі параллельді сызықшадан тұратын және оптикалық техника құралымен оқыла алатын графиктік жазба. Код бинарлық символдардан тұратын мағлұматтың бейнесін негізге ала отырып сызықшалы кодта берілген мағлұматты оптикалық оқу құралы арқылы электронды түрде өңдейді.
1. Жүз жыл бұрын дүкен мен баға көрсеткішінде штрих-код болмаған. Аларман алғысы келген затын нұсқау арқылы білдірген, ал сатушы тауардың бағасын заттың көлеміне қарай анықтаған.
2. Штрих-кодты 1949 жылы университет аспиранты Дрексел Бернард Сильвер ойлап тапты. Оның айтуынша, оған мұндай ой Морзе азбукасынан туыпты. Дрексел өз сөзінде: «Мен тек азбука нүктесі мен тиресін кеңейтіп, олардан жіңішке және жуан сызық жасадым» деп айтқан. Бірақ оның технологиясын өнеркәсіп деңгейінде қолдану 1960 жылдары компьютер пайда болғаннан кейін мүмкін болады.
3. Бірінші штрих-код пішіні доңғалақ тәріздес болды. Ұзынша келген сызықтар ол кезде штрих-код нүктелерінің сыртынан қоршап тұрды. Бұл санау барысында сатушыға құралмен қиындық тумас үшін әдейі ойластырылған.
4. Ең алғаш рет шрих-код арқылы сатып алынған өнім 1974 жылы 26 маусымда сатылды. Аларман Wrigley JucyFruit деп аталатын сағыз сатып алған. Қазіргі таңда сағыз Смитсон мұражайында сақтаулы тұр.
5. Штрих-код дизайны міндетті түрде ақ-қара түсті болуы шарт емес. Кей дизайнерлер штрих-кодтың келбетін түрлі нақышқа келтіріп әсемдейді. Штрих-код дизайнын өзгерту барысында оның сенімділігі ескеріледі. Оған тіпті «Barcode art», яғни штрих-код өнері деген атау берілген.
6. Әлемде сан алуан штрих-код түрлері бар. Бірақ оларды негізгі екі бөлікке бөліп қарастыруға болады: бір өлшемді және екі өлшемді. Бір өлшемді штрих-код бізге үйреншікті жуан және жіңішке сызықтан тұрады. Екі өлшемді штрих-код нүктеден жасалған матрицалардан тұрады. Олар белгілі бір жүйеге сүйеніп рет-ретімен орналасады. Екі өлшемді штрих-кодты сканер арқылы өткізгенде біраз қиындық туындайды. Оның артықшылығы 3х Кбайтқа дейін ақпарат сақтай алады.
7. Штрих-код түрлі-түсті болып та келетінін айттық. Microsoft компаниясы Microsoft Tag стандартын ойлап тапты. Ол жерде ақпарат түрлі-түсті штрих-кодта сақталады. Егер сіз суреттегі нүктелерді қағаз бетіне түсіретін болсаңыз, ол белгілі бір мәлімет туралы айтып бере алады.
Оқи отырыңыз:
Керекті мәліметтерді есте сақтау әдістері
Түпнұсқа әтірді көшірмесінен қалай ажыратамыз?
Фирмалық әтірді жасанды көшірмесінен ажырату жолдары
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: arts.cphoto.net,dljametrosexuala