Сіз білесіз бе?

Айналамызда болып жатқан оқиғалар, жаңалықтар, ақпараттар ағыны бәрі адамның ойлауы арқылы жүзеге асып жатқан құбылыстар. Бәрін ойлап табатын, олардың жүзеге асуына себепкер болатын адам баласы. Бірақ адам жасағанның бәрін адам көре бермейді, естімейді. Сондықтан оған таң қалып, өзінің қолынан келмеген, санасына симаған ойларға қол соғады.

Ал сол адамдардың да білмейтінін сіз білесіз бе?

Жер бетіндегі ең жас ана болып 5 жастағы қыз тіркелген. Бұл ресми ақпарат.

Ғалымдар IQ жоғары адам арманшыл келеді деп тұжырым шығарған.

Денедегі барлық қан жүректен 1 минут ішінде жасалып шығады.

Бақалар суды ішпейді, терісі арқылы пайдаланады.

Шаяндар жыл бойына қоректенбей өмір сүре алады.

Тайландта миллиондаған адамның баспанасы жоқ. Олар қайықтардағы күркелерді үй ретінде пайдаланады.

Самолет апаты болған жағдайда аман қалудың мүмкіндігі 11 000 000-нан 1-і ғана.

Рима Папасының жеке шаштаразы жылына қанша табатынын білесіз бе? 250 000 доллар.

Apple компаниясы АҚШ-тың билігіне қарағанда көп ақша табады.

Жыл сайын жер бетінде 27 адам қоқысқа арналған пакетті басына абайсызда киіп жатып не ойнап жүріп өледі. 

Жерде сүліктің 650 түрі кездеседі.

Акулалар көздеріне зақым келмес үшін құрбандығына шабуыл жасаған кезде көздерін жұматын болған.

Иттер бір-бірінің дене пішімдерін алыстан үріп тұрған дауысынан аңғара алады.

1500 жылда жер бетінде 10 миллион кітап басып шығарылған.

Перуде бақадан жасалған шырын сатылады. Ішіп көргіңіз келе ме ?