Сіз бен біз білетін және білмейтін құбылыстар мен ғажайыптар көп. Себебі ешкім оларды зерттеп түбіне жеткен жоқ. Қазақтың «білгенім біреу, білмейтінім тоқсан тоғыз» деп айтып жататыны сондықтан болар.
«Шемомеджамо» сөзінің мағынасын білесіз бе? Бұл грузин тілінен аударған кезде, тамақтың дәмін өлшейтін сөз. Яғни «дәмділігі сондай, тоқтай алмадым» деген мағынаны білдіреді.
Сатурн мен Юпитерде жаңбыр жауады. Бір қызығы су емес, көктен алмаз жауады.
Алғашқы 3 секунд ішінде сіз алдыңыздағы адамның не ұнайтынын, не ұнамайтынын аңғара аласыз.
Әлемде бананның 300-ге жуық түрі бар. Бірақ жер бетіндегі адамдардың барлығы оның бір-ақ түрін жейді. Ол «Кавендиш» деп аталады.
Брюссельде жерден 45 метр биіктікте орналасқан ресторан бар. Ресторан ешқандай ғимарат ішінде емес, аспалы бақ секілді орналасқан.
Қытайда сіз емделіп, жазылып кеткенге дейін ақысын алмайтын медициналық көмек түрі бар. Яғни дәрігер сіз жазылып кеткенше емдейді. Сіз өзіңізді жақсы сезінген кезде барып ақысын төлейсіз.
Людвиг ван Бетховен кофені 64 түрлі дәннен дайындаған.
Ғалымдар бауырдың 500-ден астам қызметі бар дейді.
Күнге күйген сайын ләззат аламын деп армандамаңыз, себебі бұл қан айналымын бұзады.
Адамдар аш қалуға шыдаса да, ұйқыға шыдай алмайды.
Ғалымдардың зерттеуінше жүрек талмасы әр дүйсенбі сайын қайталанады. Бұл аталған күндегі жұмыс күшінің көптігі мен демалыстан кейінгі адамның күйзелісіне байланысты.
Адам ағзасындағы ең күшті ет бұл бұлшық ет емес. Адамның тілі.
Су астында тыныс алмай рекорд орнатқан Стиг Северинесен туралы естіп пе едіңіз? Ол су астында 20 минут 10 секунд тұрып рекорд орнатқан. Сену қиын, бірақ ақиқат.
Судың құрамында 8 септиллион молекула бар. Бұл дегеніңіз 8 000 000 000 000 000 000 000 000 молекула деген сөз.