Сіз!

Сіз!

Бұл өмірде сізді өте жақсы көретін, сіз үшін басын өлімге де тігуге әзір, тым болмағанда екі адам бар.

Бұл әлемде ең болмағанда 15 адам сізді әртүрлі деңгейде жақсы көреді. 

Сізді біреу жек көретін болса, оның себебі сізге ұқсағысы келетіндіктен ғана. 

Сіздің күлкіңіз кез келген адамға, тіпті сізді онша ұната қоймайтын адамның өзіне бақыт әкелуі мүмкін.

Әр түні ұйықтар алдында сізді ойлайтын адам бар.

Біреулер үшін сіз бүкіл әлемнің өзісіз.

Біреулер бұл дүниеге келмеуі мүмкін еді, сіз үшін келген. 

Сіз ерекшесіз және ешкімге ұқсамайсыз.

Сіз оның өмірде бар екенін тіпті де білмейтін біреу сізді өте жақсы көруі мүмкін.

Сіздің өмірдегі жасаған ең үлкен қателігіңізден кейін де бір жақсылық болады. 

Сізден бүкіл әлем теріс айналғандай болып көрінгенде, қараңыз, шынында Сіз олардан теріс айналып тұрсыз.

Сіз көңіліңіз қалаған нәрсені алатын ешқандай мүмкіндік қалмағандай болса, оны Сіз ала алмауыңыз мүмкін, бірақ Сіз өз күшіңізге сенсеңіз, ерте ме, кеш пе, сіз оны алатын боласыз.

Сіз туралы айтылған қошемет сөздерді қашанда есте сақтаңыз.

Дөрекілікті ылғи ұмыта бермеңіз.

Сіз адамдарға қалай қарасаңыз, оларға соны айта жүріңіз.

Сіздің олар туралы не ойлайтыныңызды олар біліп жүрсе, Сізге жақсы.

Сіздің өте жақсы бір досыңыз болса, оның жақсы екенін өзіне айта жүруге уақыт табыңыз.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: moi-status.ru 

Л. Лига